21.02.2018, 12:35 8773

Астанада "Еуропалық Одақ - Қазақстан: ширек ғасыр ынтымақтастық" деректі фильмі көрсетілді

Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардыӊ 25-жылдығына орай "Еуропалық Одақ - Қазақстан: ширек ғасыр ынтымақтастық" деректі фильмініӊ көрсетілімі өтті. Деректі фильм Қазақстандағы ЕО Өкілдігімен ҚР Сыртқы істер министрлігініӊ және Еуропалық сыртқы істер қызметініӊ қолдауымен мемлекеттік тілде дайындалды

Астана. 21 ақпан. Kazakhstan Today - Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардыӊ 25-жылдығына орай "Еуропалық Одақ - Қазақстан: ширек ғасыр ынтымақтастық" деректі фильмініӊ көрсетілімі өтті. Деректі фильм Қазақстандағы ЕО Өкілдігімен ҚР Сыртқы істер министрлігініӊ және Еуропалық сыртқы істер қызметініӊ қолдауымен мемлекеттік тілде дайындалды.

Деректі фильмде ынтымақтастықтыӊ ширек ғасырлық тарихы басты оқиғалар тізбегімен баяндалады. Атап айтқанда Қазақстан сыртқы саясатыныӊ қалыптасуы, алғаш еуропалық инвестициялардыӊ келуі, "Еуропаға жол" бағдарламасы, қауіпсіздік, экономика, білім беру, мәдениет саласында серіктестіктіӊ дамуы, Кеӊейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қою, Еуроодақтыӊ Орталық Азия бойынша жаӊа стратегиясын әзірлеу.

Көрсетілім алдында баспасөз конференциясы өтіп, Қазақстандағы ЕО Елшісі Траян Христеа, ҚР Сыртқы істер министрініӊ орынбасары Роман Василенко, 2001-2003 жж. Бельгия Корольдігіндегі Қазақстан Республикасы Елшісі, тұӊғыш ҚР Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов сөз сөйледі.

Қазақстандағы ЕО Елшісі Траян Христеа: "Біз дүрбелеӊ геосаяси өзгерістер мен жалпы адамзат құндылықтары шеткері болып немесе ұмытылып жатқан әлем замандастарымыз. Сондықтан қатынастарымыздыӊ ширек ғасыр тарихы ортақ құндылықтар мен мүдделерге негізделген екіжақты қарым-қатынастардыӊ алдағы көптеген жылдары үшін маӊызды тұғырнамасы болатынына сенімдімін", - деп атап өтті.

Фильмніӊ негізінде - Еуропалық Комиссияныӊ мұрағаттық бейнежазбалары, ынтымақтастық дамуыныӊ куәгерлері мен тікелей қатысушылардыӊ эксклюзивті сұхбаттары (ЕО Сыртқы саясат жөніндегі комиссары Бенита Ферреро-Вальднер, Орталық Азия бойынша ЕО Арнайы өкілі Петер Буриан, Еуропарламент депутаты Ивета Григуле-Петерсе, тұӊғыш ҚР Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов, Бельгиядағы ҚР Елшісі Алмаз Хамзаев, Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігініӊ бұрынғы және қазіргі басшылары және көптеген басқалары). Фильм кейіпкерлері естеліктерімен, жұмыс барысында есінде қалған сәттермен, сонымен қатар, Еуропа мен Қазақстан рөлі және өзара қабылдауы, еуропалық және қазақстандық дипломатия арасындағы айырмашылықтар туралы ойларымен бөліседі.

Анықтама

Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасыныӊ арасындағы Кеӊейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге (КИЫК) 2015 жылдыӊ 21 желтоқсанында қол қойылды. КИЫК-ніӊ негізгі бөлімдері 2016 жылдыӊ 1 мамырынан бастап уақытша жүзеге асырыла бастады. Келісім 29 саладағы ықпалдастық аясын кеӊейтіп, ЕО мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық, энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау және климаттыӊ өзгеруі, жұмыспен қамту, еӊбек қатынастары, мәдениет, білім және ғылыми зерттеу салаларындағы ықпалдастыққа жол ашты. 1991-2014 жж. аралығында ЕО Қазақстанда жалпы сомасы 180 млн құрайтын 350-ден астам жобаны тікелей қаржыландырды. Бұл жобалар ҚР Үкіметініӊ әр түрлі министрліктері, ведомстволары мен комитеттеріне саяси кеӊес және техникалық көмекке бағытталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны