11.06.2014, 19:58 60682

Астанада Халықаралық тау-кен металлургия конгрессі басталды

Бүгін Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында V мерейтойлық "Astana Mining & Metallurgy Congress" халықаралық конгрессі басталды.

Алматы. 11 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында V мерейтойлық "Astana Mining & Metallurgy Congress" халықаралық конгрессі басталды.

Конгрестің басты тақырыбы - "Жаңғырту - әлемдік нарық тұрақсыздығы жағдайында тау-кен метталургия кешенін дамытудың негізгі факторы". Іс-шараны ұйымдастырушы - ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитеті.

Биылғы салалық форумға 27 мемлекеттің өкілдері келді. Форумның жұмысына салалық министрліктер, ірі өндірістік және ұлттық компаниялардың, инвестициялық қорлардың, банктердің, ғылыми зертеу институттарының, салалық қауымдастықтардың, қаржы ұйымдары мен талдамалық агенттіктердің басшылары қатысуда.

Шара 13 маусымға дейін жалғасатын болады. Оның аясында 4 бөлімнен тұратын және 50 компания қатысатын "Astana Mining & Metallurgy" көрмесі өтеді.

Конгрестің бас демеушісі мыс, бағалы металл мен қорғасынның үлкен көлемін қосымша шығаратын ірі ықпалдасқан қазақстандық мырыш өндіруші "Қазмырыш" компаниясы болып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны