23.01.2012, 11:05 3087

Астанада халықтан заңсыз сақталған қару-жарақтарды сатып алу жөнінде акция жүргізілуде

Астананың полиция қызметкерлері халықтан заңсыз сақталған оқпен атылатын қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттарды сатып алу жөнінде акция өткізеді.

Астана. 23-қаңтар. Kazakhstan Today - Астанада халықтан заңсыз сақталған қару-жарақтарды сатып алу жөнінде акция жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана қаласының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астананың полиция қызметкерлері халықтан заңсыз сақталған оқпен атылатын қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттарды сатып алу жөнінде акция өткізеді.

"Астана қаласының ішкі істер департаменті епартамент внутренних дел г.Астана с 1 февраля по 31 марта 2012 жылдың 1 ақпанынан 31 наурызынан дейін елорда аумағында халықтан заңсыз сақталған оқпен атылатын қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттарды сатып алу жөнінде акция өткізеді", - делінген таратылған хабарламада.

Қару-жарақты өз еркімен тапсырғандарға әр данасына оның түріне қарай 10-нан 100 АЕК дейін көтермелеу сыйақысы қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны