26.04.2013, 15:32 3908

Астанада ХІ Еуразия медиа форумы өтті

Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Еуразия медиа форумының кезекті ХІ конференциясы өтті. Форум еуразиялық БАҚ-тың кәсіби дамуын жылжытуға және Еуразиялық өңір дамуының ерекшеліктері туралы ақпаратты таратуға арналған.

Астана. 26-сәуір. Kazakhstan Today - Астанада ХІ Еуразия медиа форумы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Еуразия медиа форумының кезекті ХІ конференциясы өтті. Форум еуразиялық БАҚ-тың кәсіби дамуын жылжытуға және Еуразиялық өңір дамуының ерекшеліктері туралы ақпаратты таратуға арналған.

Форум тақырыптары Ауғаныстаннан НАТО жасағын шығарғаннан кейінгі Орталық Азиядағы қауіпсіздік, Таяу Шығыстағы жағдай, Еуразиялық Экономикалық Одақ және Кедендік Одақ қызметін талдау мәселелерін қосқанда дүниежүзілік және өңірлік аумақтағы өзекті мәселелерді, ақпараттық қауіпсіздікті және ХХІ ғасырдың медиа-трендтер аспектілерін, сонымен қатар Қазақстандағы "жасыл экономиканы", энергия тиімді жобаларды дамытудың перспективаларын талқылауға арналған.

Іс-шараларға 60-тан астам елдің халықаралық көрнекті саясаткерлері, экономистері, журналистер мен қоғамдық-саяси қайраткерлер, сонымен қатар медиа, саяси және сарапшы ұйымдардың өкілдері қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны