11.04.2014, 19:51 14523

Астанада I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында үздік жас ғалымдар марапатталды

Астанадағы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында "Зияткерлік көшбасшылық: дамудың жаңа бағыттары" атты I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Алматы. 11 сәуір. Kazakhstan today. Астанадағы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында "Зияткерлік көшбасшылық: дамудың жаңа бағыттары" атты I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Шараға магистранттар, докторанттар, Қазақстан мен шетелдің, соның ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы білім және тәжірибемен алмасу бойынша Өңірлік хабқа мүше мемлекеттердің ЖОО жас оқымыстылары қатысты.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясы ректорының айтуынша, аталмыш конференция жас ғалымдардың шығармашылық белсенділіктерін арттырып, елдің зияткерлік капиталын құруға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, шара екі басты бағыт бойынша өрбіді: Қазақстанның сыртқы саясатының құрылғанына 70 жыл толуына және Ғылым күніне орайластырылды. Үздік деген ғылыми-зерттеу жобалары дипломдармен, құнды сыйлықтармен марапатталды.

"Бүгін біздің ғалымдар белсенді түрде ғылыми қызметтерді қаржыландыру бағытының болашағын анықтауға қатысуда. Нәтижесінде соңғы бірнеше жылда қазақстандық ғылым айтарлықтай даму көрсеткішін байқатуда. Өздеріңізге де белгілі, Мемлекет басшысы өз Жолдауында үшінші басым бағыт ретінде бірінші кезекте қазақстандық ғылымды алға сүйреуші күш болып қалыптасатын ғылыми экономика құруды шегелей тапсырды. Қазіргі таңда Академия жаңа технологиялардың дамуы мен оның оқу процесіне енгізілуіне баса назар аударуда", - дейді ректор.

Шара барысында мемлекеттік басқару тиімділігі, басқару мамандарының бәсекеге қабілеттілігі мен көшбасшылығы, экономиканың даму бағыттары, Қазақстанның сыртқы саясатының жаңа тұжырымдамасы мен заңнамалық мәселелер талқыланды.

"Біз Қазақстандық мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мектебі ғылымының жаңа деңгейге көтеріліп, мемлекеттік қызметіміз бен мемлекеттік басқаруымыздың қуатты ғылыми іргетасы ретінде жаңа деңгейге көтерілетінін күтіп отырмыз. Осы орайда Еуроодақ секілді жобалармен тығыз қарым-қатынас орнатудың маңыздылығы орасан", - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Илихан Бәйменов.

Оның айтуынша, конференция қорытындысы бойынша ұсынылған ұсыныстар мемлекеттік органдар мен Қазақстанның ЖОО-да пайдаланылатын болады.

Естеріңізге сала кеетейік, конференция "Қазақстан Үкіметінің мемлекеттік қызметін жаңғырту мен реформалау" Еуроодақ жобасы мен Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың қолдауымен өткізілді.

"Бүгінгі конференция қол жеткізген зерттеу жұмыстарының мәселелеріне бағытталған. Менің пікірімше, мемлекеттік қызмет реформасын тағы да дамыту түсу үшін осы бағыттағы халықаралық тәжірибені қолданып, Агенттік пен Академияның халықаралық оқу орындарымен тығыз қатынасын қамтамасыз етуіміз керек", - дейді "Қазақстан Үкіметінің мемлекеттік қызметін жаңғырту мен реформалау" Еуроодақ жобасы жетекшісі Дж. Мирогияннис.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны