04.01.2008, 15:02 1570

Астанада ІІМ орталық аппаратының жылдағы дәстүрлі спартакиадасы өткізілді

Астанада ІІМ орталық аппаратының жылдағы дәстүрлі спартакиадасы өткізілді

Астана. 4 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Астанада ІІМ орталық аппаратының жыл сайынғы дәстүрлі спартакиадасы өткізілді, деп хабарлайды агенттік ҚР ІІМ-нің ақпарат және бұқарамен байланыс жөніндегі орталығына сілтеме жасап.

Жарыстарға комитеттердің, департаменттердің және дербес басқармалардың құрама 15 командасынан тұратын 395 қызметкер қатысты.

Жоғарғы дәрежелі спортсмен-полицейлердің Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, күш құрылымдары арасында 7 мәрте әлем чемпионы болған С.Нұрғалиевтің, самбо күресінен КСРО спорт шебері Ю.Василенко, үстел теннисінен республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы С.Стрельцовтың қатысуы іс-шараның жоғары деңгейде өткенін дәлелдейді.

Спартакиаданың қорытындысы бойынша командалық біріншілікте 1-ші орынды еншісіне спорттың 4 түрінен бірінші орынды иемденген Кадр жұмысы департаменті, 2-ші орынды Жедел-криминалистикалық департаменті алды, үшінші орын үшін Тергеу комитеті, Штаб және ІІМ-нің жедел бөлімшелері арасында тартысты күрес болды, нәтижесінде жеңіс Министрліктің арнайы бөлімшелері қызметкерлерінің еншісіне тиді.

2007 жылғы Спартакиада ағымдағы жылдың ақпан айынан қараша аралығында спорттың 8 түрі бойынша: шағын-футболдан, қоссайыстан (жатып сығымдаудан және штанганы тарту), жүзуден, волейболдан, жеңіл атлетикадан, Макаров тапаншасынан және Калашников автоматынан атудан, үстел теннисінен өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны