05.06.2014, 20:05 3662

Астанада инженерлік орталық ашылды

Астанада Ресейдің Саратов облысының күндері өтіп жатыр. Ауқымды шара аясында "Өркен" іскерлік орталығында "Рубеж" компаниялар тобының ҚР бөлімшесі ашылды.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan today. Астанада Ресейдің Саратов облысының күндері өтіп жатыр. Ауқымды шара аясында "Өркен" іскерлік орталығында "Рубеж" компаниялар тобының ҚР бөлімшесі ашылды.

"Бүгін біз астаналықтардың игілігіне қызмет ететін "Рубеж-Қазақстан" инженерлік орталығының ашылуына куә болдық. Біз үшін қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлы өмірі алдыңғы қатардағы мәселе. Сондықтан да қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жобаларды жетілдіріп отырамыз. Қазір өрт қауіпсіздігін сақтауға сымсыз көмектесетін жобаны жүзеге асырудамыз. Қалада мұндай мониторингке 140 медицина, білім және мәдениет мекемелері қосылған. Алдағы уақытта бұл жұмысты қала бойынша қолға алмақпыз",- деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Василий Крылов.

"Рубеж-Қазақстан" ЖШС байланыс жүйесі саласында инженерлерді қайта дайындап, қажетті әдістемелік материалдармен жабдықтайтын болады. Жалпы, "Рубеж" сауда маркасы күзет-өрт сөндіру дабылдамасы құралдарын жасап шығару, сату саласында маманданған ғылыми-өндірістік компания ретінде танымал.

Заманауи қауіпсіздік жүйелерін енгізуде сапасы әлемдік брендтерден кем түспейтін компания астаналықтардың қауіп-қатерсіз өмір сүруіне қызмет етеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны