27.10.2006, 19:14 3101

Астанада ішкі істер органдарының 2006 жылдың 9 айындағы оперативтік қызметінің қорытындысы бойынша алқа мәжілісі өтті

АСТАНА. 27-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін Астана қаласында ішкі істер министрі Бауыржан Мұхаметжановтың төрағалығымен ішкі істер органдарының 2006 жылдың 9 айындағы оперативтік қызметінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ-нің кеңейтілген Алқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алқа жұмысына ІІМ-нің орталық аппаратының басшылығы, аумақтық және көліктегі ішкі істер департаменттерінің басшылары қатысты.

Ағымдағы уақыт аралығында елімізде қылмыстық к жағдай қалыпты деңгейде деп бағаланды. 2006 жылдың 9 ай ішінде тіркелген қылмыстар саны 4,8%-ға азайған. Адам өмірін қиған, денсаулыққа аса ауыр зақым келтірген, қарақшылық шабуыл және ұрлық жасау қылмыстары азайған. Қоғамдық орындарда, көшелерде жасалған, кәмелетке толмағандар жасаған, ішімдік ішкен, алдында сотталған адамдармен жасалған қылмыстар саны азайған. Алқада аталып өткендей, өзекті проблемалардың бірі, ұялы телефондарды ұрлау және тонау қылмысын ашу және жолын кесу. Осыған байланысты, ІІМ басқа мемлекеттік органдармен бірлесе осы іспеттес қылмыстарды ашу мәселесі бойынша кешенді шаралар әзірлеуде.

Есірткі саудасы мен нашақорлыққа қарсы күресте оң беталыстар байқалады. Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде өткен Қазақстан Республикасы арнайы Қауіпсіздік Кеңесі маслихатының қорытындысы бойынша "Астана- есірткісіз қала" бағдарламасы әзірленіп, 2008 жылға дейін жүзеге асырылады. Қолданған шаралар нәтижесінде анықталған есірткі қылмысы, есірткі өткізу фактілері, тәркіленген есірткі көрсеткіші артты. Есірткі қылмысына қарсы осындай шаралар кешені белгіленіп, кеңінен қамтылады.

Алқа маслихатында, жол қауіпсізідігін қамтамасыз мәселесі талқыланды. Ағымдағы жылдың 9 ай мерзімінде 11396 жол-көлік оқиғасы орын алған. Осыған байланысты, жол полиция бөлімшелерінің қызметін арттыруда кешенді шаралар әзірленуде, сонымен қатар, жолдарда автоматтандырылған бақылау жүйелеріне көшу мәселелері қарастырылуда.

Қарағанды қаласында өткізіліп жатқан құрылымдық өзгерістер аясында жол полиция қызметкерлерінің жұмысын жақсарту тәжірбиесінің нәтижесі қарастырылды, бұл тәжірбие шеңберінде әмбебап полиция құру идеясын байқаудан өткізу межеленген. Осы тәжірбиені Ақтөбе, Өскемен, Петропавл және Қостанай қалаларында тарату шешімі қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны