19.01.2012, 13:32 3179

Астанада IV шақырылым парламентінің соңғы отырысы болып өтті

Бүгін Астанада ҚР IV шақырылым парламентінің жұмысы аяқталды. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында салтанатты түрде жоғарғы палата спикері Қайрат Мәми мәлімдеді.

Астана. 19-қаңтар. Kazakhstan Today - Астанада IV шақырылым парламентінің соңғы отырысы болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Астанада ҚР IV шақырылым парламентінің жұмысы аяқталды. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында салтанатты түрде жоғарғы палата спикері Қайрат Мәми мәлімдеді.

"Құрметті әріптестер, "Парламент пен оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға сәйкес, кезекті сайланған Мәжіліс жұмысының басталуына байланысты бұған дейін сайланған парламенттің өкілеті аяқталады. Ертең V шақырылым парламентінің бірінші сессиясы өтеді. Бұл осы шақырылымның соңғы отырысы. Бұл тарихи оқиға", - деді Қ.Мәми отырысты қорытындылай келе.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны