03.08.2012, 19:01 2890

Астанада ядорлық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференция өтеді - баспасөз баяны

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен "Ядролық сынаққа тыйым салудан - ядролық қарусыз әлемге" халықаралық конференциясын өткізу бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Талқыға салынған негізгі тақырып - 27-29 тамызда Астанада өтетін жоғары деңгейдегі халықаралық жиынға дайындық барысы. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Астанада өтетін "Ядролық сынаққа тыйым салудан - ядролық қарусыз әлемге" атты конференцияға 100-ден астам делегация қатысады.

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен "Ядролық сынаққа тыйым салудан - ядролық қарусыз әлемге" халықаралық конференциясын өткізу бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Талқыға салынған негізгі тақырып - 27-29 тамызда Астанада өтетін жоғары деңгейдегі халықаралық жиынға дайындық барысы. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Еске сала кетсек, аталған айтулы шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі және құрамына 80-нен астам елдің парламентшілері кіретін "Парламентшілер ядролық қарусыздану және таратпау үшін" халықаралық бірлестігі, сонымен бірге, "Назарбаев-орталығы" мемлекеттік мекемесі болып табылады. Жұмыс тобының отырысы барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздану және таратпау жөніндегі барлық бастамаларының әлемдік қауымдастықтан кең қолдау тауып жатқанын және "Ядролық сынаққа тыйым салудан - ядролық қарудан еркін әлемге" халықаралық конференциясының бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолындағы кезекті айшықты қадамның бірі екенін ерекше атап өтті.

Жиын барысында бірқатар ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ, оның қатысушыларымен бірге талқыланатын негізгі бағыттар анықталды. Олардың қатарында ғаламдық қауіпсіздік, ядролық лаңкестікке қарсы әрекет, басымшылық жасаушыларға қарсы қатаң жаза қолдану, бейбіт атомды дамыту және тағы басқа да мәселелер бар.

Аталып өтілгендей, бүгінгі күні құрамында түрлі елдердің парламентшілері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар мен саясаткерлер, ядролық қарусыздану саласындағы белгілі тұлғалар бар 50-ден астам елден, 100-ден астам делегация өздерінің осы форумға қатысатындықтарын мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны