09.06.2014, 22:29 3417

Астанада "Қалалар айқасы" фестивалі өтеді

Бейбітшілік және келісім сарайында 7 шілдеде әзіл-сықақтан "Қалалар айқасы" халықаралық жекпе-жегі өтеді, деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Алматы. 9 маусым. Kazakhstan today. Бейбітшілік және келісім сарайында 7 шілдеде әзіл-сықақтан "Қалалар айқасы" халықаралық жекпе-жегі өтеді, деп хабарлады ұйымдастырушылар.

"Қалалар айқасы" әзіл-сықақ фестивалі Астана күні мерекесі аясында алғаш рет өткізілгелі отыр.

Тек бір күн ғана Астана шексіз шат күлкінің шаңырағына айналады. Қыран-топан күлкіге батыратын жекпе-жек барысында Ресей мен Қазақстанның танымал телевизиялық жобалары көрсетіледі. Фестиваль бағдарламасына әзіл-сықақ бағдарламаларының көшбасында тұрған "Мәссаған" жобасы, "Лица Столицы", "KZландия" скетч шоуы енгізілген. Сонымен бірге "Наша Rusia", "Comedy Club" тележобаларының авторы "Comedy Club" айтулы мүшесі - "Семен Слепаков", КТК ойындары атынан "Нарты из Абхазии" думанды тобы қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны