11.01.2019, 15:06 6287

Астанада қалалық туризм бойынша дүниежүзілік саммит өтеді

Қала активімен кездесу барысында Астана әкімі Бақыт Сұлтанов биыл елордада қалалық туризм бойынша Дүниежүзілік UNWTO саммиті өтетінін айтты. Естеріӊізге сала кетейік, сегізінші мәрте өткізілгелі отырған саммит Орталық Азияда тұӊғыш рет ұйымдастырылмақ.

Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Астанада қалалық туризм бойынша дүниежүзілік саммит өтеді.

Туризм саласындағы осындай ауқымды іс-шара Қазақстан Республикасыныӊ тарихында тұӊғыш рет өткізілгелі отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігініӊ ресми сайты.

Елорда билігі Астананыӊ іскерлік туризм және инновациялар орталығы ретіндегі мәртебесін нығайту бағытындағы шараларды жүзеге асыруды жалғастыруда. Қала активімен кездесу барысында Астана әкімі Бақыт Сұлтанов биыл елордада қалалық туризм бойынша Дүниежүзілік UNWTO саммиті өтетінін айтты. Естеріӊізге сала кетейік, сегізінші мәрте өткізілгелі отырған саммит Орталық Азияда тұӊғыш рет ұйымдастырылмақ. Жиынныӊ Қазақстанныӊ бас қаласында өтетіні Оӊтүстік Кореяныӊ астанасында ұйымдастырылған 7-ші жаһандық UNWTO саммиті кезінде белгілі болды. Сонымен қатар, Routes Silk Road авиамаршруттар форумы, Comic Con костюмдер фестивалін өткізумен қатар, Женева қаласында орналасқан Халықаралық Seedstars бизнес-акселераторымен бірлесіп, "Астана" халықаралық қаржы орталығы аумағында қалалық инновациялық алаӊды ашу көзделіп отыр. Бұл ТМД-да Seedstars басқаратын алғашқы коворкинг-орталық болады, оныӊ желісіне 70 мыӊнан астам стартапшы, кәсіпкерлер мен инвесторлар енеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны