28.03.2013, 12:33 3571

Астанада қандықол қылмыскер ұсталды

Астата қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25-ші наурызда жекеменшік үйлердің бірінде тұратын әйел үйдің қосалқы шаруашылық ғимараттарынан азапталып өлтірілген әйел адамның мәйітін тауып алған.

Астана. 28-наурыз. Kazakhstan Today - Астанада 38 жастағы әйелді өлтірген қандықол қылмыскер қолға түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астата қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25-ші наурызда жекеменшік үйлердің бірінде тұратын әйел үйдің қосалқы шаруашылық ғимараттарынан азапталып өлтірілген әйел адамның мәйітін тауып алған.

Тергеу барысында полиция бұл қылмысқа үй иесінің немересінің қатысы бар екенін анықтайды. 24-нен 25-не қараған түні қаза болған әйел таныстарымен бірге дәмханада болған. Ішімдік ішкен әйел сол жерде жас жігітпен танысады. Біраздан соң жігіт оны үйіне шақырғанда әйел келіскен. Бірақ жолда жанжалдаасып қалады да ер адам оны соққыға жыққан. Алған жарақатынан әйел сол жерде көз жұмды. Қанды қылмысты жасырмақ болған жігіт әйелдің мәйітін шаруашылық ғимаратқа жасырыпты. Ал ұялы телефонын өзіне қалдырған. Тінту кезінде одан айғақ зат-ұялы телефон мен қан іздері бар киім табылды. Бұл факті бойынша ҚР ҚР 103 бабы, 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамауда отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны