15.06.2009, 16:24 2511

Астанада Қарағанды облысынан "жанды тауарды" жеткізу арнасы анықталды

Астанада Қарағанды облысынан "жанды тауарды" жеткізу арнасы анықталды

Астана. 15 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астанада Қарағанды облысынан "жанды тауарды" жеткізу арнасы анықталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР ІІМ Криминалдық полициясы комитетінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астана қаласының ІІД ҰҚҚКБ қызметкерлері пайдалану үшін сату мақсатында Қарағанды облысынан Астана қаласының аумағына "жанды тауарды" жеткізу арнасын анықтады. Арнайы іс-шараларды өткізу кезінде Астана қаласында жас қызды 50 мың теңгеге сатпақ болған Қарағанды облысының тұрғыны ұсталды. Адам саудалағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

ІІМ ақпаратына сүйенсек, адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында ағымдағы жылдың 8-12 маусым аралығында республика аумағында "STOP-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, іс-шараның негізгі міндеті адам саудасы, жеңгетайлық, притон ұстау, жезөкшелікпен айналысуға тарту, адамдарды ұрлау және пайдалану мақсатында заңсыз бостандығынан айыру фактілерін анықтау болып табылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде іс-шараны өткізу барысында полиция қызметкерлері 6 адам саудасы, 1 кәмелетке толмағанды сату, пайдалану мақсатында заңсыз бостандығынан айыру, 28 жеңгетайлық пен жынойнақ орнын ұстау фактілерін анықтады. Іс-шара кезінде 52 жеңгетай мен жезөкшелікпен айналысатын 393 адам анықталып, есепке қойылды. Жеке басын анықтау үшін 350 адам, оның ішінде ақылы ашыналық қызметтер көрсетумен айналысқан 12 кәмелетке толмаған, 97 ТМД азаматы ішкі істер органдарының арнайы мекемелеріне қамалды.

2009 жылғы 8 маусымда Алматы қаласында ІІД-нің ҰҚҚКБ қызметкерлері Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының тұрғындарынан құрылған қылмыстық топты ұстады, олар Алматы қаласының хауыздары мен қонақ үйлерінде нәпсіқұмарлық мақсатта пайдалану үшін Шымкент қаласының екі тұрғынын және Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласының екі тұрғынын сатқанын мойындады.

Көліктегі Оңтүстік-Шығыс ІІД-нің ҰҚҚКБ қызметкерлері алдап-арбау жолымен Шығыс Қазақстан облысының 5 тұрғынын еңбекке пайдалану үшін өзінің шаруа қожалығы орналасқан жерге алып кеткен шаруа қожалығы басшысын ұстады.

"STOP-трафик" ЖПІШ өткізу барысында Қостанай қаласында ағымдағы жылдың 22 сәуірі - 5 маусымы аралығында өзінің үйінде алдау жолымен Қостанай облысының тұрғынын заңсыз ұстап, оны сыйақыға ашыналық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген азаматты ұстады.

Қарағанды облысының ІІД ҰҚҚКБ қызметкерлері 5 адамнан тұратын отбасын қылмыстық жаупкершілікке тартуда, олар 10 жыл бойы Украина азаматшасы мен Ресей Федерациясының азаматын шаруа қожалығында пайдаланып келген. Қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны