30.09.2008, 18:03 6322

Астанада қарақшылық шабуыл жасады және қыз зорлауға әрекеттенді деген күдікпен мемлекеттік қызметшілер ұсталды

Астанада қарақшылық шабуыл жасады және қыз зорлауға әрекеттенді деген күдікпен мемлекеттік қызметшілер ұсталды

Астана. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Астанада қарақшылық шабуыл жасады және қыз зорлауға әрекеттенді деген күдікпен мемлекеттік қызметшілер ұсталды.

Бұл туралы бүгін дәстүрлі апталық брифингте Астана қалалық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Жанат Битенов мәлім етті, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Ж.Битеновтың айтуынша, көліктерін пайдаланып біраз қаржы таппақ болған екі жігіт түн ішінде жолға шығады. Олар қала көшелерінің бірінде такси күтіп тұрған жас бойжеткеннің жанына тоқтайды. Жігіттер бейтаныс қызды үйіне жеткізіп тастауға келісіп, оны көліктеріне отырғызып алады. Жолда келе жатқанда, бір қыздың ақшасы бар екенін білген әлгі жігіттер басқа жаққа бет алып, жол-жөнекей көлікті тоқтатып, қыздың ақшасын тонап алып, бойжеткенді зорламақ болады. Алайда қыз банкоматтан ақша алып беремін уәде береді.

Қалада орналасқан банкоматтардың біріне келген соң олар бойжеткеннің карточкасындағы 300 мың теңгені шығартып алған соң олар өздері тонаған қыздың хабарлауымен оқиға болған аймақта жүрген полиция қызметкерлерінің құрығына ілігеді. Тәртіп сақшылары көп ұзамай тонаушыларды қолға түсіріп, аталған ақшаны қайтарып алады.

"Кісі тонағандар баукеспе ұры-қаралар емес, елордадағы мемлекеттік мекемелердің бірінде істейтін азаматтар болып шықты. Олар қазір қамауға алынып, бұл іс бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде",- деді департамент бастығының орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны