05.05.2014, 20:17 9275

Астанада кәсіподақтар туралы заңға енгізілетін өзгерістер талқыланды

Кәсіподақтар туралы заң жобасына қоғамдық қарым-қатынастарды толық дәрежеде реттеуге мүмкіндік беретін бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы бүгін қалалық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссияның кезекті отырысында айтылды.

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan today. Кәсіподақтар туралы заң жобасына қоғамдық қарым-қатынастарды толық дәрежеде реттеуге мүмкіндік беретін бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы бүгін қалалық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссияның кезекті отырысында айтылды.

Отырыста жұмыс берушілердің зейнеталды жастағы жұмыскерлерге қатысты еңбек заңнамасын сақтауы, өндірістік ұжымдардың қатысуын кеңейтуге көмектесу және еңбекті қорғау мәселелері қаралды.Кәсіподақтар туралы заңға 20 жылдай уақыт болды, бүгінде құжатта жұмыскерлердің құқықтары мен мүддесін қорғайтын кәсіподақтардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері айқындалуы тиіс, деп қала әкімдігінің ресми порталында хабарлады.

"Кәсіподақтар туралы" ҚР заңының басты мақсаты кәсіподақтардың құқықтарын арттырып, күшейтумен қатар, оған айтарлықтай міндеттер қойып, жауапкершілік жүктеу болып табылады. Заң жобасына сәйкес, кәсіподақтар өндірістік-салалық принцип бойынша құрылады. Бұл Халықаралық еңбек ұйымының талаптарын орындайды және кәсіподақтар қозғалысын дамытуға, нығайтуға септігін тигізеді. Мысалы, Германия, Дания, Латвия, Польша, Ресей және т.б. мемлекеттердегі кәсіподақтар осындай принциппен құрылған", - деді Астана қаласының Кәсіподақтар кеңесінің төрағасы, Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Сәрсенбай Мыңбаев.

Сонымен қатар, заң жобасына әлеуметтік әріптестік мәселелері қарастырылған баптар енгізіліп, кәсіподақтардың міндеттемелері айқындалды. Қолданыстағы "Кәсіподақтар туралы" заңға қарағанда, Заң жобасының нормалары кәсіподақтар қозғалысында құрылымдалған вертикаль және горизонталь құруға, кәсіподақтық тәртіп пен жауапкершілікті бекітуге мүмкіндік береді.

"Нормалар да аса маңызды, олардың саны 40-тан асады. Бәрі де ілеспе құжатқа енгізіледі. Атап айтқанда, Еңбек кодексіндегі өзгерістер, республикалық, салалық және өңірлік комиссиялардың қызметтерін күшейту", - деді С.Мыңбаев.

Еске салайық, қазіргі уақытта Астанада 800-ден астам кәсіподақ бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны