03.12.2018, 21:08 8629

Астанада "Қазақстан әскери журналистикасы: қалыптасуы мен даму тенденциясы" атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

Жиын барысында сондай-ақ "Қазақстан әскери журналистикасыныӊ тарихы мен қалыптасуы", "Қазіргі әскери басылымдар: тәжірибесі, теориясы мен болашағыныӊ өзекті мәселелері", "Искери журналистика: деректілік, саясилық, жеделділік" тақырыптары талқыланды.

Астана. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 29 қарашасы күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетініӊ Журналистика және саясаттану факультетінде Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті күніне арналған "Қазақстан әскери журналистикасы: қалыптасуы мен даму тенденциясы" атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Шара Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланыныӊ ұйымдастыруымен өткізілді.

Ғылыми-практикалық конференцияныӊ мақсаты - Қазақстан әскери журналистикасыныӊ пайда болу күнін ғылыми тұрғыда дәлелдеу, Еуразия ұлттық университетініӊ Журналистика және саясаттану факультеті менҚазақстан Республикасы Ұлттық ұланы арасындағы байланысты нығайту, еліміздіӊ бұқаралық ақпарат құралдары саласында кенже қалып келе жатқан мәселе - әскери тақырыпта жазатын журналистерді өз елімізде даярлау туралы мәселені талқылау болмақ.

Жиын барысында сондай-ақ "Қазақстан әскери журналистикасыныӊ тарихы мен қалыптасуы", "Қазіргі әскери басылымдар: тәжірибесі, теориясы мен болашағыныӊ өзекті мәселелері", "Искери журналистика: деректілік, саясилық, жеделділік" тақырыптары талқыланды.

Конференция аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, Ұлттық ұланныӊ әскери журналистика аудиториясы ашылды.

Сонымен қатар Қазақстандағы әскери журналистикаға арналған іс-шаралардыӊ қорытындысы шығарылды.Шара соӊында университеттіӊ студенттері мен профессорлық-оқытушы құрамына ҚР Ұлттық ұланыныӊ Ин-би ансамблініӊ ұжымы дайындаған "Ұлы дала ұландары" атты концерттік бағдарлама қойылды.

Конференцияға парламент депутаттары, күш-құрылым ведомстволарыныӊ өкілдері, әскери басылымдардыӊ басшылары, журналистер, Ұлттық ұланныӊ әскери қызметшілері мен ардагерлер, ғалымдар, баспагерлер, философтар мен мәдениеттанушылар, сондай-ақ гуманитарлық ғылымдардыӊ өзге де өкілдері пленарлық және секциялық отырыстарға шақырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны