10.05.2017, 16:02 4851

Астанада Қазақстан Қарулы Күштерініӊ 25 жылдығын мерекелеуге орайластырылған концерт өтті

Елорданыӊ "Қазақстан" орталық концерт залында Отан қорғаушы күні мен ҚР Қарулы Күштерініӊ 25 жылдығын мерекелеуге арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараға Елбасы - ҚР Қарулы Күштерініӊ Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Астана. 10 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Қарулы Күштерініӊ 25 жылдығын мерекелеуге орайластырылған "25 жыл - Ел тәуелсіздігін қорғауда!" атты мерекелік концерт өтті.

Елорданыӊ "Қазақстан" орталық концерт залында Отан қорғаушы күні мен ҚР Қарулы Күштерініӊ 25 жылдығын мерекелеуге арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараға Елбасы - ҚР Қарулы Күштерініӊ Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Еліміздіӊ Қарулы Күштерініӊ мерейтойы бұл барша Қазақстан үшін атаулы оқиға. 25 жыл ішінде қазақстандық армия қалыптасу мен дамудыӊ даӊқты жолынан өтті. Атаулы күнге арналған мерекелік концерт ҚР ҚК әскери қызметшілерініӊ үздік жетістіктерін, олардыӊ жауынгерлік рухы мен патриотизмін көрсетті. Бағдарламаға ҚР Қарулы Күштері мен әскер тектерініӊ барлық түрлері әскери бөлімшелерініӊ үздік шығармашылық күштері, сондай-ақ республикалық "Жас ұлан" мектебі мен "Арыстан" мамандандырылған лицейініӊ тәрбиеленушілері, орталық ансамбль мен ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығыныӊ орталық әскери оркестрі, өӊірлік қолбасшылықтардыӊ, Иуе қорғанысы күштерініӊ, Искери-теӊіз күштерініӊ, десанттық-шабуылдау әскерлері мен Кадет корпусыныӊ көркемөнерпаздар ұжымдары қатысты.

Мерекелік бағдарламада қазақстандық армияныӊ жетістіктері, фольклорлық музыканыӊ жауһары шырқалды. Сондай-ақ көрермендерге әртүрлі замандағы батырларды еске алуға арналған арнайы хореографиялық композиция көрсетілді.

Құрманғазыныӊ "Балбырауын" күйін орындаған домбырашылардыӊ құрама ансамблі жарқын өнерлерін паш етті. Ансамбль құрамында өӊірлік қолбасшылықтардыӊ әскери қызметшілері, ҚР ҚМ жоғары әскери оқу орындарыныӊ курсанттары, "Жас ұлан" республикалық әскери мектебі мен "Арыстан" мамандандырылған лицейініӊ тәрбиеленушілері. Десанттық-шабуылдау әскерлері, Иуе қорғанысы күштері, Зымыран әскерлері мен артиллерия, "Оӊтүстік", "Шығыс" өӊірлік қолбасшылықтары әскери қызметшілері армиялық попурриді өзінше орындады. Олардыӊ орындауында "Сарбаздар", "Барлаушылар әнұраны", "Байланысшылар", "Артиллерияшылар маршы", "Шығыс" және "Тәуелсіз Қазақстан" әндері шырқалды.

Александров атындағы Ресей армиясы ансамблініӊ, Қытай Қорғаныс министрлігініӊ Ван Лида ән-би ансамблі, Азамат Желтіргөзовтыӊ Ұлттық әскери-патриоттық орталығыныӊ орталық әскери оркестрі жетекші солистерініӊ музыкалық құттықтауы концерттіӊ көркін қыздырды.

Нөмірлердіӊ қойылымдары әртүрлі әсерлі және көзтартар элементтерге толы болды. Онда іс-шараныӊ ауқымдылығы мен атап өтіліп жатқан датаныӊ маӊыздылығы байқалып тұрды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны