14.01.2009, 17:57 3035

Астанада Қазақстан мен АҚШ-тың қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының келешегі талқыланды

Астанада Қазақстан мен АҚШ-тың қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының келешегі талқыланды

Астана. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстан қорғаныс министрі Даниал Ахметов пен АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы, генерал Дэвид Петреустің кездесуінде Қазақстан мен АҚШ-тың қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының келешегі талқыланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ-тың қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының келешегі және Ауғанстан мен Ирактағы тұрақтылық пен қайта жаңғырту мәселелерін талқылады".

"АҚШ-тың әскери делегациясы бұдан кейін ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР қорғаныс вице-министрі, генерал-лейтенант Болат Сембиновпен бірге Иракта бес жыл бойы Көпұлтты күштердің құрамында мейірбандық миссиясын атқарып келген Қазақстанның "Казбриг" бітімгершілік бригадасының әскерилерімен де кездесті. АҚШ қолбасшысы бірқатар бітімгерлерді марапаттады", - деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны