13.05.2014, 20:52 1502

Астанада Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығы туралы келіссөздер өтеді

12-14 мамыр күндері Астанада Қазақстан Респубикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық мен әріптестікті кеңейту туралы жаңа Келісім келіссөздерінің 6-ыншы кезеңі өтеді.

Алматы. 12 мамыр. Kazakhstan today. 12-14 мамыр күндері Астанада Қазақстан Респубикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық мен әріптестікті кеңейту туралы жаңа Келісім келіссөздерінің 6-ыншы кезеңі өтеді.

Келісім жобасы салалар ынтымақтастығын кеңейту, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына ену мен Кедендік Одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы интеграцияны тереңдетуді есекере отырып сауда-инвестициялық және экономикалық бөлімдерді жаңғыртуды қарастырады, деп хабарлайды экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі.

Келіссөздер барысында тараптар "Сауда және инвестиция", "Экономикалық және тұрақты даму саласындағы ынтымақтастық", "Ынтымақтастықтың өзге де бағыттары" және Келісім жобасының "Қаржы ынтымақтастығы" бөлімдерін талқылауға ниетті.

Қазақстанның үкіметтік келіссөз делегациясының құрамына ҚР ЭБЖМ ҚР экономикалық интеграция министрі Жанар Айтжанова - сауда және инвестиция бойынша жұмыс тобы жетекшісі, экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Құсайынов - экономикалық және тұрақты даму, сонымен қатар қаржылық және өзге де бағыттар бойынша жұмыс тобы жетекшісі кіреді.

Қазақстан мен ЕО жаңа Келісімге теңдей дәрежеде қызығушылық танытып отыр. Бұл өз кезегінде ынтымақтастықты тереңдету үшін жаңа құқықтық базаны құру арқылы концептуалды жаңа деңгейге өтуге ҚР мен ЕО-тың экономикалық және геосаяси мүддесін ескере отырып тараптардың дайындығын көрсетеді.

Келісім бойынша келіссөздер биылғы жылдың соңына дейін аяқталмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны