26.09.2016, 10:11 3631

Астанада Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығыныӊ ХІІІ өӊіраралық форумы өтеді

2016 жылдыӊ 3-4 қазанында Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында екі ел басшыларыныӊ қатысуымен Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығыныӊ ХІІІ өӊіраралық форумы өтеді, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.

Астана. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 3-4 қазанында Астана қаласындағы Т?уелсіздік сарайында екі ел басшыларыныӊ қатысуымен Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығыныӊ ХІІІ өӊіраралық форумы өтеді, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.

Форум аясында Forbes және Global-2000 тізіміне кіретін қазақстандық және ресейлік жетекші компания басшыларыныӊ қатысуымен Қазақстан-Ресей бизнес-форумын өткізу жоспарлануда. Форум қортындысында экономиканыӊ басым секторларына қатысты жобалар бойынша отыздан астам келісімге қол қойылады, деп күтілуде.

Олардыӊ қатарына тамақ өнеркәсібі, химия, металлургия, инновациялар, машина жасау, фармацевтика және құрылыс материалдары өндірісі салалары жатады.

Сонымен қатар, көлік-логистикалық әлеует, екі елдіӊ туристік саласы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы сауда саласына қатысты шектеулер мен кедергілерді алып тастау сияқты екіжақты ынтымақтастыӊ өзекті мәселелерін талқылайтын панельді сессиялар да өтетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны