09.07.2014, 23:01 4681

Астанада Қазақстан мен Тайланд арасындағы ынтымақтастық мәселесі қаралды

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Илихан Бәйменов Тайланд Корольдігінің мемлекеттік қызмет комиссиясы кеңесінің бас хатшысы орынбасары Висоот Праситсиривонгсемен кездесті.

Алматы. 9 шілде. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Илихан Бәйменов Тайланд Корольдігінің мемлекеттік қызмет комиссиясы кеңесінің бас хатшысы орынбасары Висоот Праситсиривонгсемен кездесті. Кездесу барысында тараптар мемлкеттік қызмет саласындағы өзара байланысты нығайтуға мүдделі екендіктерін білдірді.

"Біздің мемлекеттік қызмет саласында жүргізіп жатқан реформаларға Тайланд Корольдігі қызығушылық туғызуда. Осыған орай Тайланд Корольдігінің делегациясы арнайы келіп отыр. Меморандум мемлекеттік қызмет саласында бірлескен зерттеулер жүргізуді көздейді", - дейді И.Бәйменов.

Айта өтейік, қазіргі уақытта хабқа 29 мемлекет қосылып, Қазақстанмен өзара тәжірибе алмасуда.

Сонымен қатар елімізде алғаш рет 2013 жылы мемлекеттік хаб құрылған болатын. Бұл хаб негізінен еліміздің аймақтары мен шет мемлекеттер арасында өзара тәжірибе алмасуды көздейді. Қазіргі уақытта хабқа 29 мемлекет қосылып, Қазақстанмен өзара тәжірибе алмасуда.

"Мемлекеттік қызметшілерді оқыту мен ақпарат алмасу арқылы тәжірибесімен алмасатын боламыз. Тайланд тарапы біздің мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік хабқа ерекше қызығушылық танытып отыр", - дейді И.Бәйменов.

Өз кезегінде тайланд тарабы қазақстанның мемлекеттік қызмет саласындағы "А" корпусына қызығушылық танытты.

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Или Көмекбаев Тайланд Корольдігінің Мемлекеттік қызмет комиссиясы кеңсесінің Жауапты хатшысының орынбасары Висоот Праситсиривонгсемен мемлекеттік қызмет саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумына қол қойды.

"Аталмыш меморандум бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізуге, мемлекеттік қызметкерлерді бірлесіп оқытуға, ақпарат алмасуға, реформаларды табысты жүзеге асыруға септігін тигізеді", - деп ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Илихан Байменов мәлім етті.

Айта кетерлік жайт, меморандум аясында сарапшылармен кездесу өткізу, мемлекеттік қызмет істері саласы бойынша шараларға қатысу қарастырылған.

Өз кезегінде Висоот Праситсиривонгсе мырза Қазақстанда мемлекеттік қызмет істері саласында жүзеге асырылған реформалар мен нақты бағдарламаға жоғары баға берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны