02.07.2008, 13:29 1089

Астанада Қазақстан президентінің қатысуымен Қазақ гуманитарлық-заңгерлік университетінің жаңа оқу корпусының тұсаукесері өтті

Астанада Қазақстан президентінің қатысуымен Қазақ гуманитарлық-заңгерлік университетінің жаңа оқу корпусының тұсаукесері өтті

Астана. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақ гуманитарлық-заңгерлік университетінің жаңа оқу корпусының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Шара барысында мемлекет басшысы университет мұражайымен, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің баспасының ақпараттық кітап саудасы орталығымен, дәріс аудиторияларымен танысты. Н. Назарбаев сонымен бірге, ислам экономикасы мен құқығы орталығы және еуропалық құқық орталығының кабинетімен танысты.

Қазақ гуманитарлық-заңгерлік университетінің жаңа оқу корпусының ғимаратының құрылысы 2006 жылы басталған, жобаның құны 4 млрд 300 млн теңге. Бұл корпуста 5 мың студентке есептелген 400 астам аудитория бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны