22.12.2016, 18:07 7635

Астанада Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздік жылдары білім саласында қол жеткізген жетістіктері таныстырылды

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасыныӊ тәуелсіздік алған жылдары білім саласында қол жеткізген жетістіктерді қорытындылайтын брифинг өтті.

Астана. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today - Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасыныӊ тәуелсіздік алған жылдары білім саласында қол жеткізген жетістіктерді қорытындылайтын брифинг өтті. Жиында Білім және ғылым министрлігініӊ вице-министрі Эльмира Суханбердиева, "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ-ныӊ президенті Серік Ирсалиев,Жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білім беру департамантініӊ директоры Дархан Ахмед-заки, кәсіптік және техникалық білім беру департаменті директорыныӊ міндетін атқарушы Ернат Жүнісов, мектепке дейінгі және орта білім беру департаменті директорыныӊ орынбасары Махсутова Зейнеп қатысты. Эльмира Амангелдіқызы өз сөзінде тәуелсіздік алған жылдары Білім және ғылым министрлігініӊ атқарған жұмыстары жайлы айтып берді.

Төменде мекеменіӊ таратқан баспасөз баянын назарларыӊызға ұсынамыз:

"Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру.

25 жыл ішінде мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ауқымды жұмыстар жүргізілді:барлығы 498 балабақша салынды: оныӊ 225-і республикалық бюджет есебінен, 273-і жергілікті бюджет есебінен, 2199 жекеменшік балабақша ашылды. Бүгін елімізде барлығы 9297 мектептке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс істейді.

1999 жылдан бастап 5-6 жасар балаларды мектепалды даярлықпен қамту іске асырылуда, 2006 жылдан бастап 4572 шағын орталықтар жұмыс істейді, жекеменшік ұйымдар саны 5 есе өсті (410-нан 2199-ға дейін), мемлекеттік тілде білім беретін ұйымдар саны 1748-ден 5709-ға дейін өсті, алғаш рет мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 377,7 мыӊ орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды, оныӊ ішінде жекенменшік балабақшаларда 28,3%.

2010 жылдан бастап Балапан бағдарламасы аясында:3 және 6 жастағы балаларды қамту 2,5 есе ұлғайды (81,6%), Қамтылған балалар саны 124,8 мыӊнан 817,8 мыӊға дейін өсті.

Тәуелсіздік жылдары ішінде мектепке дейінгі тәрбие және білім беру саласына 100 млрд.теӊгеден астам жеке инвестициялар тартылды.

Орта білім беру.

Тәуелсіздік жылдары ішінде орта білім беру саласыныӊ инфрақұрылымы айрықша жақсарды: 1356 мектеп салынды.

Мемлекеттік тілді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар арқасында қазақ тілінде білім беретін мектептер саны 2768-ден 3777-ге дейін өсті.

Сонымен қатар, дарынды балалардыӊ мүмкіндіктерін іске асыру және анықтау үшін барынша жағдайлар жасалған. Қазіргі таӊда 61 мыӊнан астам оқушысы бар 121 "Дарын" жүйесініӊ мектептері жұмыс істейді.

Аталған жұмыс халықаралық қатынастарды дамытуға өз үлесін қосты, біздіӊ балаларымыз халықаралық конференцияларда, конкурстар мен олимпиадаларға қатысуда. Тәуелсіздік жылдары біздіӊ оқушыларымыз халықаралық интеллектуалдық жарыстарда барлығы 9338 медаль қанжығасына байлап қайтты, оныӊ 1997-сі алтын, 2889-ы күміс, 4142-сі қола медальдар.

2009 жылдан бері Назарбаев зияткерлік мектептерініӊ саны 20-ға жетіп, жұмыстарын сәтті жалғастыруда. Сонымен қатар, үш тілде білім беретін 127 мектеп жұмыс істеп жатыр. Оларда 1046 жаратылыстану бағытыныӊ мұғалімдері ағылшын тілінде білім береді.

Ұлттық бірыӊғай тестілеу (ҰБТ) формасында тәуелсіз сыртқы бақылау енгізілді. Бұл жылдары ҰБТ-да 3,4 млн-нан астам түлектер қатысты.

2013 жылдан бастап республикамыздыӊ 5 облысыныӊ 63 пилоттық мектептерінде жан басына қаржыландыруды сынамалау жүргізіліп жатыр.

Қазір елімізде 325 мыӊ астам педагогтар еӊбек етуде. Олардыӊ сапалық құрамы айтарлықтай жақсарды. Педагогтардыӊ біліктілігін арттыру жүйесі білім беру саласында айрықша орын алды. 25 жыл ішінде біліктілігін арттыру курстарына 1,5 миллионнан астам мұғалімдер қамтылды.

2012 жылы біліктілікті арттыру жүйесін жаӊғырту курстары қолға алынды. 17 Біліктілікті арттыру институттарын біріктіретін "Өрлеу" БАҰО" АҚ құрылды.

"Назарбаев зияткерлік мектептері" АБМ Кембридж университетімен бірлесіп жасалған жаӊа деӊгейлік бағдарламалары бойынша 2012-2015 жылдары 52,55 мыӊ педагог курстардан өтті.

2012 жылдан бастап педагогтар еӊбегін ынталандыру мақсатында "Үздік педагог" республикалқ конкурсы өткізілуде. Сыйақы мөлшері - 1000 АЕК, 5 жыл ішінде аталған атақты 240 педагог иеленді.

2005 жылдан мектептердіӊ материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында жаӊа модификация кабинеттерімен (физика - 2059 мектеп, химия - 1707, биология - 1718) 2077 лингафондық және мультимедиялық кабинеттермен, интерактивті тақталармен жабдықталды.

Мектептерді Дүниежүзілік ғаламтор желісіне қосу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Кеӊжолақты ғаламтормен қамтамасыз ету мектептердіӊ 76% құрайды.

2001 жылы 1 компьютерге 62 оқушы келсе, қазіргі таӊда бұл көрсеткіш 1:11 құрайды. Мектептерде "Онлайн оқыту жүйесі" жобасы енгізілуде.

Республикада әр төртінші оқушы қосымша білім берумен қамтамасыз етіледі, балаларды қамту 389 мыӊ балаға ұлғайды және 673 мыӊ адамнан асады.

2013 жылы Астана қаласыныӊ Оқушылар сарайында балалар мен жасөспірімдерге арналған Ұлттық интерактивтік саябақ ашылды.

Республикада 120 аса даӊқтық мұражайлар, 500 аса патриоттық бірлестіктер жұмыс жасайды, "Жас Ұлан" балалар ұйымы дамуда.2011 жылдан бастап инклюзивті білім беру жүзеге асырылуда. Инклюзивті білім берумен барлығы 46 мыӊнан аса бала қамтылған. Елімізде барлығы - 149 психологиялық медициналық педагогикалық кеӊестер, 13 оӊалту орталықтары жұмыс жасайды.

Ыстық тамақпен аз қамтылған отбасылардыӊ мектеп жасындағы балалары 100% қамтылды. 91% бала мектепке жеткізумен қамтылған.

Кәсіптік және техникалық білім беру

1991 жылмен салыстырғанда кәсіптік және техникалық білім беру жүйесі 114 бірлікке артып, республика бойынша 807 колледжді құрады. Оқушылар саны 35,5 мыӊға, яғни 9,3% көбейді. Қазіргі таӊда колледждерде 499,5 мыӊ оқушы білім алуда.

Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесі экономика саласыныӊ 32 бағытында мамандарды дайындайды. 2010 жылдан бастап ТжКБ жүйесі Турин процессініӊ белсенді қатысушысы болып табылады.

Дуалдық білім беру технологиясын енгізу кеӊ ауқымда жүргізілуде, қазіргі таӊда 419 колледждер кәсіпорындармен серіктестік негізде өздерініӊ білім беру жұмыстарын жалғастыруда. Барлығы 5211 серіктестік туралы келісім-шарттар жасалды.

Еліміздіӊ басты жобаларын индустриалдық-инновациялық дамыту мақсатында 10 базалық колледждер анықталған.

2011-2014 жылдар аралығында барлығы республикалық бюджет есебінен 9,6 млрд.теӊге көлемінде заманауи жабдықтармен 1447 оқу-өндірістік шеберханалар қамтамасыз етілді.

2008 жылдан бастап ауыл жастарына ТжКБ қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 10 колледж және 1708 орындық 19 жатақхана салынды.

Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру

2010 жылы Қазақстан Республикасыныӊ Президентініӊ бастамасымен ашылған Назарбаев Университеті алғаш рет абитуриенттерді оқу орнына іріктеу жүргізіп, жинады. Бұл университеттіӊ тәжірибесі еліміздіӊ басқа оқу орындарына таратылады.

Қазақстанда білім беру қызметініӊ экспорты өсуде. 2001 жылдан 2014 жылға дейін шетелдік студенттердіӊ саны 10 мыӊға өсті.Тәуелсіздік жылдары 2,7 млн. жоғарғы білімі бар маман дайындалды. Егер 1991 жылы жоғарғы білімі бар маман саны 42 мыӊ болса, 2015 жылы 142 мыӊға жетті.

Халықаралық "Болашақ" бағдарламасы бойынша 11 727 стипендия беріліп, 8000-нан астам маман шетелден білім алып келді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 3 мыӊға жуық студент шетелдіӊ аталмыш жоғарғы оқу орындарында білім алуда.

2010 жылдан бастап Қазақстан Болон удерісініӊ қатысушысы болды.

Профессорлық педагогикалық құрамныӊ сапасы жақсартылды. (Егер 1999-2000 оқу жылдарында жоғарғы оқу орындардыӊ профессорлық-педагогикалық құрамы 24% құраса, 2015-2016 оқу жылында-50% қамтыды.)

2006 жылдан бастап үздік 200 жоғарғы оқу орныныӊ оқытушыларына арналған жыл сайын өткізілетін "ЖОО-ныӊ үздік оқытушысы" атты гранттар беріледі. Бұл жобаныӊ мақсаты оқытушыларға ғылыми зерттеулер жүргізуге көмек көрсету.

Ғылым

Қазіргі таӊда ғылыми-зерттеулік және тәжірибе-құрылымдаушылық жұмыстармен 24,5 мыӊ адам, 392 ғылыми ұйымдар айналысуда.

Жастардыӊ ғылымға деген ынтасы артты. Жас ғалымдардыӊ 35 жасқа дейінгі саны 2011 жылы 6,4 мыӊды құраса, 2015 жылы 9 мыӊға дейін жетті.

Қазақстан Республикасыныӊ үкіметініӊ қолдауымен ашылған Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясында 5 ұлттық ғылыми кеӊес жұмыс істейді.

Қазақстандық ғалымдардыӊ халықаралық ғылыми баспаларда жұмыстарыныӊ жариялану үрдісі байқалуда. 2015 жылы халықаралық журналдарда 1,9 мыӊға жуық қазақстандық ғалымдардыӊ мақалалары басылған".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны