14.04.2014, 19:12 2774

Астанада Қазақстан-Бахрейн бизнес-форумы өз жұмысын бастады

Бахрейн Королі Хамад бен Иса Аль Халифаның Қазақстанға ресми сапары аясында Астанада "Қазақстан-Бахрейн: Стратегиялық серіктестік" бизнес форумы өтуде.

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan today. Бахрейн Королі Хамад бен Иса Аль Халифаның Қазақстанға ресми сапары аясында Астанада "Қазақстан-Бахрейн: Стратегиялық серіктестік" бизнес форумы өтуде.

"Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы, аллюминий өңдеу, туризм, банк секторы салаларында ынтымақтастық орнатудың әлеуеті зор. Бүгін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Бахрейн корольдігінің өнеркәсіп және сауда министрлігі арасында екі елдің шағын және орта бизнесін дамыту және аллюминий өңдеу салаларында ынтымақтастық орнату бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады", - деді деді форум аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев.

Ведомство басшысы атап өткендей, Бахрейн Таяу Шығыста ислам банкингінің компетенция орталығы бойынша ауыл шаруашылығы, туризм орталығы болып есептеледі.

"Екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға екі тарап та мүдделі. Біз өз тарапымыздан, инвестициялар мен өнеркәсіп саласында ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге әзірміз", - деді И.Исекешев.

Жалпы, бизнес-форумда қазақстандық кәсіпкерлердің "В2В" форматында Бахрейн делегациясының өкілдерімен екі жақты келісім жүргізу жоспарланған.

Бизнес-форум жұмысына Бахрейннің 40 ірі компаниясы қатысуда, олар мына саласы бойынша: банктік қызмет, азық-түлік, газ саласы: мұнайхимия, металлургия, алюмений өнімі.

Форум форматы инвестициялық мүмкіндіктер мен екі жақты елдің біріккен жобалары мен олардың жүзеге асуыне талқылауға мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны