26.12.2013, 19:16 3043

Астанада Қазақстан-Беларусь әріптестігінің мәселелері талқыланды

" Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылай келіп, Қазақстан мен Беларусь елдері әсіресе, Кедендік Одақ аясында етене ынтымақ орнатқан сенімді саяси және экономикалық әріптес екенін сөз етті", - делінген хабарламада.

Алматы. 26 желтоқсан. Kazakhstan today. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Ничкасовты қабылдады, деп палатаның баспасөз қызметі хабарлады.

" Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылай келіп, Қазақстан мен Беларусь елдері әсіресе, Кедендік Одақ аясында етене ынтымақ орнатқан сенімді саяси және экономикалық әріптес екенін сөз етті", - делінген хабарламада.

Мәжіліс қызметіне тоқталған Нұрлан Нығматулин Елбасының "Қазақстан - 2050" Стратегиясын, сондай-ақ, аталған елдер Президенттерінің интеграциялық үрдістер мен стратегиялық келісімдерін заңнамалық қамтамасыз ету жұмыстарына баса назар аударды.

Анатолий Ничкасов Қазақстан Президентінің Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі ауқымды бастамасы барлық интеграциялық үрдістердің дамуына серпін беретінін және Қазақстанның барлық салада қарқынды дамып келе жатқанын, ал, Елбасының G-глобал сияқты, басқа да ірі жобаларының халықаралық жоғары беделге ие екендігін тілге тиек етті.

Өз кезегінде Мәжіліс Спикері Анатолий Ничкасовты Беларуссияның 2013-жылы ТМД табысты төрағалық етуімен құттықтады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны