26.10.2016, 15:51 4036

Астанада Қазақстандық 13-ші халықаралық "AstanaZdorovie - 2016" көрмесі өтеді

Астанада Қазақстандық 13-ші халықаралық "AstanaZdorovie - 2016" көрмесі өтеді

Астана. 26 қазан. Kazakhstan Today - Астана қаласында 3 қараша күні өткізілетін 13-ші қазақстандық халықаралық "AstanaZdorovie - 2016" көрмесініӊ аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі "СК-Фармация" ЖШС мен "ҚазМедТех" АҚ бірлесе "Қазақстан Республикасындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардыӊ айналымы. Заманауи беталыстар" тақырыбында халықаралық конференция ұйымдастырады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Бүгінгі таӊда еліміздіӊ Дүниежүзілік сауда ұйымына және Еуразиялық Экономикалық Одаққа енуіне байланысты еліміздіӊ медицинасыныӊ халықаралық талаптарға сай болуына баса мән беріліп отыр. 2016 жылы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған 2016-2019 жылдар аралығына қарастырылған "Денсаулық" атты бағдарламасы іске асырыла бастады.

Осыған байланысты денсаулық сақтау саласында ортақ ақпараттық жүйені енгізу, Ұлттық дәрі-дәрмек саясаты аясында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру, медициналық техниканыӊ лизингін дамыту - саланы реформалаудыӊ басым бағыттарыныӊ бірі болып табылады.

Ұлттық дәрі-дәрмек саясатын тиімді іске асыру және медициналық техниканы сатып алу жүйесін жетілдіру үшін мемлекеттік орган басшыларыныӊ, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерініӊ, отандық және шетелдік фармацевтикалық өндірушілердіӊ қатысуымен өзекті мәселелерді талқылау жөнінде алаӊ құрған абзал.

Сондай-ақ, конференция шеӊберінде байланыс орнату жөнінде меморандумдарға қол қою жоспарланған.

Конференцияныӊ басталуы: сағат 11:00.

Өткізілетін орны: "Көрме" орталығы, конгресс-залы (мекен-жайы: Астана қаласы, Достық, 3)

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны