19.04.2017, 16:25 4563

Астанада Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитеттіӊ 8-отырысы өтті

Астанада Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитеттіӊ 8-отырысы өтті

Астана. 19 сәуір. Kazakhstan Today -Астанада өткен Қазақстан-қ??ытай ынтымақтастық жөніндегі Комитеттіӊ 8-отырысы барысында ҚР Премьер-министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин ҚХР Мемлекеттік кеӊесі Премьерініӊ орынбасары Чжан Гаолимен келіссөздер жүргізді,-деп хабарлайды

ҚР Премьер-министрініӊ баспасөз қызметі.

Тараптар жан-жақты стратегиялық серіктестіктіӊ қазіргі жағдайы мен келешегін, екіжақты қарым-қатынастыӊ өзекті мәселелері: сауда-экономика, энергетика, индустриалды-инновациялық, ғылыми-техникалық, қаржы, көлік-логистика, ауылшаруашылық, әскери-техника саласыныӊ, өӊірлік және шекаралық ынтымақтастық сұрақтарын талқылады.

Кездесу барысында жүздесушілер 2016 жылдыӊ қыркүйегінде ҚР мен ҚХР көшбасшылары қол қойған "Нұрлы жол" және "Жібек жолыныӊ экономикалық белдеуі" жаӊа экономикалық саясатыныӊ ынтымақтастық жоспарын жұптастыра жүзеге асырудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

ҚР Премьер-министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин мен ҚХР Мемлекеттік кеӊесі Премьерініӊ орынбасары Чжан Гаолидіӊ төрағалығымен өткен Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөніндегі Комитеттіӊ 8-отырысы өтті.

А. Мамин отырыс барысында ҚР мен ҚХР арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтыӊ қарқынды дамып келе жатқандығын айтты.

- ""Нұрлы жол" және "Жібек жолыныӊ экономикалық белдеуі" жаӊа экономикалық саясатыныӊ ынтымақтастық жоспарын жұптастыра жүзеге асыру екі елдіӊ алдында транзиттік-көліктік ынтымақтастық, сауда, өӊдеуші өнеркәсіп саласын дамытуда жаӊа перспективаларға жол ашады",- деп Қазақстан-Қытай индустриалды-инновациялық ынтымақтастық бағдарламасын орындалудыӊ маӊыздылығын А.Мамин атап өтті.

ҚР Премьер-министрініӊ бірінші орынбасары, инвестициялық ынтымақтастықтыӊ жаӊа деӊгейініӊ сапалы екендігін, негізінен, Қытай-Қазақстан-Еуропа бағдарында контейнерлік тасымалдар көлемініӊ өсіп келе жатқандығын айтты.

2017 жылдыӊ басынан бастап 2016 жылдыӊ ұқсас кезеӊімен салыстырғанда сауда 30% - ға артып, 1,3 млрд. АҚШ долларын құрады.

Қазіргі таӊда индустрия, инновация, көлік және логистика аумағында жалпы құны 27 млрд. АҚШ долларын құрайтын 51 жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.

ҚР мен ҚХР асарындағы транзитті тасымалдардыӊ өскендігін есепке алсақ, ынтымақтастықтыӊ негізгі бағдары көлік-логистика саласы болып табылады. Қазақстан алдағы уақытта Ұлы Жібек Жолы бағдары бойынша тасымалдарды дамытуға жағдай жасау үшін көлік инфрақұрылымын белсенді дамытуда.2017 жылдыӊ 1 тоқсанындағы контейнерлік тасымалдар көлемі 2016 жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 2,6 есе өскен.

ҚХР Мемлекеттік кеӊесі Премьерініӊ орынбасары Ч.Гаолиекіжақты ынтымақтастық мәселелерініӊ кеӊ ауқымы бойынша қазақстан-қытай байланыстарыныӊ дамуында динамика бар деді. "Ынтымақтастық жөніндегі Комитеттіӊ 8-отырысы достығымызды нығайтып, екі ел арасында стратегиялық ынтымақтастықты орнататындығына сенім білдіремін".

"Біз нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық жағдайды жасап, екі елдіӊ игілігі мен пайдасы үшін бірлесе жұмыс жасауымыз керек", - деді Ч.Гаоли.

Комитеттіӊ отырысы аясында "Қостанай-Астана" телекөпірі өткізілді. Онда "Сарыарқа Авто Пром" ЖШС-ніӊ өндірістік алаӊында ANKAI сериалы автобустарды шығару іске қосылды.

Отырыс барысында кіші комитеттердіӊ төрағаларыныӊ есептері тыӊдалды.

ЭКСПО-2017 кезінде "Қазақстандағы Қытай туризм жылы" және 5 шілде - Астанадағы Қытай ұлттық күнін атап өту жоспарланған.

Іс-шара қорытындысы бойынша А.Мамин мен Ч.Гаоли Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі комитеттіӊ 8-отырысы бойынша хаттамаға қол қойды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны