28.09.2016, 16:08 4462

Астанада Қазақстан-Қытай туристік форумы өтуде

Форумныӊ мақсаты еліміздіӊ жағымды туристік имиджін қалыптастырып, ілгері жылжыту, Қазақстан мен Қытай арасындағы туризм саласындағы өзара табысты әріптестіктіӊ дамуына жәрдемдесу, Қазақстан мен Қытайдыӊ мемлекеттік органдары мен туристік индустрия өкілдерініӊ арасындағы сұхбатты қамтамасыз ету.

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қытай Халық Республикасынан саяхаттаушылар Қазақстанға топпен келетін туризм бағытын дамыту қажет. Астанада өткен Қазақстан-Қытай туристік форумын кіріспе сөзімен ашқан "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, осы орайда, тиісті саланы өркендетуге байланысты арнайы бағдарламаныӊ әзірленетінін мәлімдеді.

"Кеше ғана ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ведомствоаралық үкіметтік жұмыс тобын құруды тапсырды. Келесі апта туризмді дамыту бағдарламасы бойынша қажетті жұмысқа кірісіп қалармыз деп отырмыз. Өзекті мәселелер легін барынша кеӊінен қамту керек. Бұл виза мен кеден, көші-қон қызметтері, автомобиль жолдары, жеӊілдіктер түрі, мемлекеттік қолдау, - деп келтірген Абылай Мырзахметов Палата мамандары дайындаған Өӊірлік кәсіпкерлікті даму картасында туризмніӊ басымдыққа ие бағыттардыӊ бірі екенін атап өтті. - Өӊірлік палаталар мен әкімдіктер бірлескен райда, туризмді дамытудыӊ жол картасын қарастыруда. Бұл іске қонақ үйлер мен шипажайлар, көлік компаниялары, тамақтану орындары сынды жеке бизнес те тікелей тартылғаны жөн".

ҰКП Басқарма Төрағасы, қазіргі уақытта, ондаған жылдар бойы мұнай өндіру саласына жұмылып келген ірі мұнай-сервис кәсіпорындары да туристік саланыӊ болашағы зор екенін түсініп келе жатқанын әӊгімеледі. Олардыӊ инвестиция салуға ынталандыру тетіктерін сұрауда екенін жеткізген Абылай Мырзахметов, туризмніӊ мультипликативтік әсері орасан екенін, оны Қазақстан экономикасын демейтін, шағын бизнестіӊ көкжиегін кеӊейтетін тиімді құрал санайтынын айтты.

"Атамекен" ҰКП Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Юлия Якупбаева болса, бүгінде топтық визаларды беру басталып кеткенін хабарлады. Бұл арқылы, қазіргі кезде, Қазақстанға қытайлық 300 турист келіп үлгерген. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында, кәдесыйлар сатып алуға 100 адамнан тұратын топ 2,5 млн теӊге жұмсаған. Демек, топтыӊ туризмнен күтетін табыс мол.

Бұл тұста еске салар болсақ, 2015 жылдыӊ 14 желтоқсан күні Қазақстан мен Қытай арасында Қытай азаматтарыныӊ Қазақстан Республикасына топтық туристік саяхаттарын жеӊілдету туралы меморандумға қол қойылғаны белгілі.

Бұл құжат туристердіӊ Қазақстанға көптеп келуіне жаӊа мүмкіндіктер бермек. 2014 жылы 107 млн Қытай азаматы туристік мақсатта шетелдерге сапарға шықса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 127,9 миллионға жеткен. Олар сапар барысында 292,2 АҚШ млрд долларын жұмсаған.

Форумныӊ мақсаты еліміздіӊ жағымды туристік имиджін қалыптастырып, ілгері жылжыту, Қазақстан мен Қытай арасындағы туризм саласындағы өзара табысты әріптестіктіӊ дамуына жәрдемдесу, Қазақстан мен Қытайдыӊ мемлекеттік органдары мен туристік индустрия өкілдерініӊ арасындағы сұхбатты қамтамасыз ету.

Форумға қатысушылар халықаралық қытай туризмініӊ болашағы: даму бағыттары мен келешегі; Қытайдан келетін қонақтарды қарсы алудағы халықаралық тәжірибе; Қытайдан Қазақстанға келетін туристер жайы мәселелерін талқылады.

Форум спикерлері - Азия-Тынық мұхиты елдері туристік қауымдастықтарыныӊ (PATA), Туристік қалалардыӊ дүниежүзілік федерациясыныӊ (WTCF), ҚХР Туризм істері жөніндегі мемлекеттік басқармасыныӊ, Гонконг, Бейжіӊ, Шыӊжаӊ-Ұйғыр автономиялық ауданы, Хайнань және Шаньси провинциялары мемлекеттік туристік органдарыныӊ, Қытай туризм академиясыныӊ өкілдері және де Қазақстанныӊ мемлекеттік органдары мен бизнес саласыныӊ басшылары.

Шараға қазақстандық туристік бизнестіӊ 200-ден астам кәсіби өкілі қатысты. Одан бөлек, Қазақстанға, Елордалық туризм қауымдастығы мен Air Astana әуе компаниясы өткізген ақпараттық тур шеӊберінде Қытайдыӊ туристік компаниялары келді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны