02.07.2008, 16:54 1170

Астанада Қазақстанның қылмыстық сот өндірісі саласындағы Еуропалық конвенцияларға бірігу мәселесі талқыланды

Астанада Қазақстанның қылмыстық сот өндірісі саласындағы Еуропалық конвенцияларға бірігу мәселесі талқыланды

Астана. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Бас прокуроры Рашид Түсіпбеков бүгін Ұлыбританияның ЕҚЫҰ жанындағы төтенше және өкілетті елшісі Ян Клифпен және Ұлыбританияның Қазақстан мен Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі Пол Браммелмен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында Британия жағы Қазақстанның құқықтық жүйесіндегі реформалармен танысып, заңдылық пен тәртіпті сақтау мен қамтамасыз етуде прокуратура атқаратын роль жайлы хабардар болды.

Тараптар сонымен бірге екі жақты байланысты нығайту қажеттігін атап өтіп, құқықтық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастық туралы мекемеаралық келісім-шартын жасасу жөнінде келісімге келді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны