14.07.2014, 20:00 1246

Астанада Қазақстанның мәдени саясатын іске асыру тетігі қаралды

Тұжырымдаманың негізгі мақсаты - бәсекеге қабілетті мәдени діл құру, елдің көпұлтты біріңғай мәдени кеңістігін дамыту, заманауи мәдени кластер құру болып табылады. Бүгінде мәдениеттің дамуы мен мәдени әлеуетті арттыру әлем мемлекеттері мен көптеген елдің дамуындағы басым салалардың қатарына енеді, деп хабарлайды Мәдениет министрлігі.

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan today. Астанадағы Қазақстан Республикасында Мәдени саясат тұжырымдамасы жобасын қоғамдық талқылау аясында Қазақстандық мәдени ғылыми-зерттеу институты "Қазақстан Республикасындағы мәдени саясатты іске асыру тетіктері мен негізгі қағидалары" атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Тұжырымдаманың негізгі мақсаты - бәсекеге қабілетті мәдени діл құру, елдің көпұлтты біріңғай мәдени кеңістігін дамыту, заманауи мәдени кластер құру болып табылады. Бүгінде мәдениеттің дамуы мен мәдени әлеуетті арттыру әлем мемлекеттері мен көптеген елдің дамуындағы басым салалардың қатарына енеді, деп хабарлайды Мәдениет министрлігі.

Шараға қатысушылар мәдени саясаттың мемлекеттің маңызды идеологиялық құралы ретінде қоғамның құндылығы мен жеке тұлғаның қалыпатсуындағы маңызды фактор екенін айтты. Мәдениет дегеніміз ең алдымен ойын-сауық бағыттағы тар мағынадағы құндылық деген қоғамдағы қате түсініктің қалыптасуына қарамастан ұлттың құндылықты құрудағы мәдениеттің алар орнын жоққа шығара алмаймыз.

"Мемлекет басшысының "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясының негізгі қамтыған саларының бірі ретінде мәдени саясаттың да аталуы тегін емес. Бұл өз кезегінде қазақстандық халықты біріктіретін, оның бай тарихи және мәдени құндылықтарының басын бір араға топтастыратын және Қазақстан Республикасының әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30-дыққа енуге жетелейтін бірден бір сала екені анық", - дейді ҰӨИ директорының орынбасары Андрей Хазбулатов.

"Сарапшылардың айтуынша, жетістікке жетер жолдың бірі мәдениеттің дамуы мен тиімді инфрақұрылымдың қызметке ие институттар мен тітіктердің құрылуы болып табылады. Бұның барлығы ұлттық және әлемдік мәдени мұраны сақтау мен оны байытуға бағыттарған", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, тұжырымдама жұмысында Қазақстан Республикасы Сенатының дөңгелек үстелінде талқыланды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны