29.07.2014, 19:56 11631

Астанада Қазақстанның Метрологтар кеңесінің 5- отырысы өтуде

Жалпы, жиында Қазақстан Республикасындағы өлшеу құралдарын калибрлеуді дамыту мәселесі талқыланып, Қазақстан Республикасының "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Метрологтар кеңесі мүшелерінің ұсыныстары қаралады.

Алматы. 29 шілде. Kazakhstan today. Бүгін "Astana Solar" ЖШС фотоэлектрикалық модуль зауытында 22 кәсіпорынның метрология қызметінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Метрологтар кеңесінің 5- отырысы өтуде.

"Біздің эталонды базамыз көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай дамыған. Жалпы, ол экономиканы метрологиялық қамтамасыз ету жолында басты элемент болып табылады. Алдыңғы қатарда тұрған міндеттердің бірі кәсіпорындарды метрологиялық құралдармен толығымен қамтамасыз ету. Ол отандық тауар өндірушілермен, шағын және орта бизнеспен өзара тығыз байланысты",- деді ҰР ИЖТМ техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары - Метрологтар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Дұғалов.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында өлшем құралдарымен қамтамасыз ету жоспары жасақталған.

"Қазіргі таңда медициналық техниканы метрологиялық қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінен түспей отыр. Біздің комитет пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында жұмыстар жүргізуде. Айта кетерлік жайт, біз осы сала бойынша тәртіпті қайта қарастырудамыз", - деп атап өтті Дұғалов

Келелі кеңес "Astana Solar" ЖШС фотоэлектрикалық модуль зауытында өтті. Ол жүз пайыздық қазақстандық кремний негізінде күннен қуат алатын батареялар шығарумен айналысады. Аталмыш зауыт тікелей Елбасының қатысуымен 2012 жылдың 25 желтоқсанында іске қосылған.

Жалпы, жиында Қазақстан Республикасындағы өлшеу құралдарын калибрлеуді дамыту мәселесі талқыланып, Қазақстан Республикасының "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Метрологтар кеңесі мүшелерінің ұсыныстары қаралады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны