22.09.2016, 13:23 4180

Астанада "Қазақстанныӊ сот билігі: өткені мен бүгіні" атты тақырыптық көрме ашылды

"Бұл көрме Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына, сонымен қатар біздіӊ судьялардыӊ алда болатын VII съезіне арналған. Көрме барлығына ашық және Тәуелсіздік Сарайында 7 қазанға дейін істейтін болады. Болашақта Ұлттық музейде "Иділет тарихы" атты бөлек бөлім ашу керек. Осындай маӊызды жұмыс үшін Жоғарғы сот барлық жағдайды жасауға дайын",-деді Қ.Мәми.

Астана. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада Жоғарғы соттыӊ ұйымдастыруымен "Қазақстанныӊ сот билігі: өткені мен бүгіні" атты тақырыптық көрменіӊ салтанатты ашылуы болды. Көрмені Жоғарғы соттыӊ төрағасы Қайрат Мәми ашты.

"Бұл көрме Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына, сонымен қатар біздіӊ судьялардыӊ алда болатын VII съезіне арналған. Мақсаты - Ұлы дала аумағында сот төрелігі жүйесін қалыптастыру туралы айту. Экспонаттар, құжаттар, фотосуреттер Ұлттық мұрағаттыӊ қорынан, Президенттіӊ орталық мемлекеттік мұрағаты мен Тұӊғыш Президенттіӊ кітапханасынан әкелінді. Көрме барлығына ашық және Тәуелсіздік Сарайында 7 қазанға дейін істейтін болады. Болашақта "Иділет тарихы" атты бөлек бөлім ашу керек. Осындай маӊызды жұмыс үшін Жоғарғы сот барлық жағдайды жасауға дайын",-деді Қ.Мәми.

Көрмеде қазақ биініӊ шапаны, төс белгісі, Қазақ хандығыныӊ дәуірін таныстыру бойынша материалдар, 1993 жылғы еліміздіӊ Конституциясы, сот жүйесі бойынша жұмыстардыӊ көшірмесі ұсынылды. Барлығы - 210 фото сурет және 50 экспонат жина?oae?ai.

"Қазақстанда қылмыстық сот төрелігін жетілдіру" ЕО жобасыныӊ басшысы Уильям Ирвайн ескі соттыӊ құжаттары қатты қызықтырғандығын айтып өтті.

"Біріншіден, жоғарғы сот мәселесіне ерекше қарайтындығы қатты ұнады. Сондай-ақ мұрагерлік - әділдік кеше ғана болған жоқ, ол бірталай ғасыр бұрын болды. Ал бүгін осы эволюцияны көрдік.Көрме ағартушылық және осы жерден көптеген қызықты деректер алдым. Меніӊ ойымша, ол көптеген адамдарға қызықты - студенттерге, сарапшыларға, ғалымдарға - бұл қазақстандық әділдіктіӊ эволюциялық жүйесін көрсетуге болатын жақсы идея. Мені ескі құжаттар таӊ қалдырды",-деді ол.

Көрме барлығына қол жетімді және 7 қазанда дейін Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Судьялар VII съезініӊ күніне дейін жұмыс істейтін болады.

Қазан айында Астана қаласында өтетін Қазақстан судьяларыныӊ VII съезіне 200-ден астам әділет қызметкерлері қатысады.

Онда Судьялардыӊ этика кодексін қабылдау жоспарлануда.

"Биылғы жылдыӊ қазан айында Қазақстан Республикасы Судьялар одағыныӊ кезектен тыс VII съезін өткізу жоспарланған. Аталмыш съезд төрт жыл сайын өткізіледі. Съездіӊ басты күн тәртібі Этика кодексін қабылдау болып табылады",-деді ҚР Жоғарғы сотыныӊ судьясы Нұржан Жолдасбеков.

Оныӊ айтуынша, Этикалық кодексті қабылдау Ұлт жоспары "100 нақты қадамда" көзделген. Жоба әзірленіп, қоғам үшін Жоғарғы судьялардыӊ сайтында жарияланды және ол жерде әрбір адам жобамен танысып, өз ұсыныстарын айта алады.

Н.Жолдасбековтыӊ айтуы бойынша, Судьялар одағыныӊ жарғысын жетілдіру мәселесі қарастырылады және өткен кезеӊ ішінде атқарылған жұмыстар туралы судьялардыӊ ақпараты тыӊдалады.

Аталмыш форумға Қазақстанныӊ Судьялар одағыныӊ барлық филиалдарыныӊ, сонымен қатар шетелден келген халықаралық, ТМ елдері өкілдері қатысады.

"Бірінші кезекте сот жүйесі ашық, қолжетімді болды. 90-шы жылдары жұмыстыӊ басқа тәсілмен жасалғанын барлығымыз білеміз. Алайда, жаӊа заӊ қабылдағаннан кейін, адамдардыӊ көбісі сотқа жүгіне бастады және оған статистикалық мәліметтер дәлел болады. Біз бір орында тұрмауымыз керек. Біз халықаралық стандарттарға жету үшін талпыныс жасауымыз керек, сондай-ақ басқа мемлекеттердіӊ тәжірибесін меӊгеруіміз тиіс",-деді судья.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны