Система Orphus

Астанада кейінгі екі жылда пайдалануға берілген құрылыс нысандары көптеген заң бұзушылықтармен пайдаланылуда - прокуратура

24.12.2008, 17:38 2548

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада кейінгі екі жылда пайдалануға берілген құрылыс нысандары көптеген заң бұзушылықтармен пайдаланылуда. Бұл туралы Астана қалалық прокуратурасының бүгін өткен алқа мәжілісінде осы мекеменің мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылықтың сақталуын қадағалау басқармасының бастығы Тәжіген Найманов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мүгедектердің тіршілік етуіне арналған толыққанды орта жасалмаған, құрылыс нысандарын қабылдап алуда өрт қауіпсіздігінің ережелері сақталмаған, автокөлік тұрақтарының саны жеткіліксіз, демалыс және ойын алаңдарына арналған аймақтар жоқ, пайдалануға берілмес бұрын пайдалана бастаған орындардың иелеріне қатысты шаралар дер кезінде қолданылмаған", - деді Т. Найманов.

Оның айтуынша, 2006 - 2008 жылдары "мемлекеттік қабылдау комиссиясы құрылысы аяқталған 904 нысанды, соның ішінде 154 тұрғын үйді пайдалануға қабылдап алған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны