08.05.2008, 10:22 2873

Астанада кезекті сыбайлас жемқорлық қылмысы ашылды

Астанада кезекті сыбайлас жемқорлық қылмысы ашылды

Астана. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Астанада кезекті сыбайлас жемқорлық қылмысы ашылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Астананың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Хабарламада Елорда кәсіпорындарының бірінің директорына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы 1-тармағы (қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалды деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес агенттігінің назарына іліккен ұйымның жарғылық капиталында мемлекет үлесі 35 пайыздан кем емес екен. Оның директоры 24 млн 645 мың теңге сомасындағы су бұрқағының құрылысы бойынша жұмысты қабылдап алу актісіне қол қойған. Ал, сайтта көрсетілгендей, шындығында, 500 орынға арналған "Республикалық бала мен ана ғылыми орталығының" құрылыс нысанындағы 4 су бұрқағы салынбаған болып шықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны