18.07.2007, 15:47 2820

Астанада Қырғызстаннан есірткі тасымалдау арнасы жойылды

АСТАНА. 18-шілде. Kazakhstan Today. "Астана - есірткісіз қала" аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру аясында Астанада Қырғызстаннан есірткі тасымалдау арнасы жойылды. Бұл туралы Kazakhstan Today ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "ҰҚК Астана қалалық департаменті 1,6 кг апиын шикізаты мен 0,6 кг героинді тасымалдау үстінде Тараз қаласының тұрғынын ұстады. Ол елорда аумағына Қырғызстан Республикасынан есірткілік заттарды енгізіп, таратуды ұйымдастырған".
Аталмыш дерек бойынша ҰҚКД тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің (есірткілік заттарды заңсыз дайындау, сақтау немесе сату жөніндегі) 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны