19.05.2009, 13:45 2486

Астанада қыз зорлаған күдіктілер ізі суымай ұсталды

Астанада қыз зорлаған күдіктілер ізі суымай ұсталды

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Астанада қыз зорлаған күдіктілер ізі суымай ұсталды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД төрағасының бірінші орынбасары Жанат Битенов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, Елордада екі азамат 17 жастағы қызды зорлап, оның сауда жасайтын дүңгіршегінен құны 3 миллион теңгеден астам алтын бұйымдарын ұрлап кеткен.

ІІД ақпаратына сәйкес, оқиға мамырдың 10-ы күні 16 сағат 30 минут шамасында Бөгенбай көшесінің бойындағы "Илем" сауда үйінің жанында болған.

Осы күні шешесінің орнына сауда жасауға шыққан 1997 жылы туған жас қызды жерасты өткелінен өтіп бара жатқан жерінен екі азамат пышақпен қорқытып, ақша талап еткен. Қарақшылардан қорыққан қыз өзі сауда жасайтын дүңгіршектің кілтін беріп, сол жерден алтын бұйымдарын алуға болатындығын айтқан.

Сол мезетте қарақшылардың бірі қызды зорлап, ал екіншісі дүңгіршекке кіріп, құны 3 миллионнан астам теңгенің алтын бұйымдарын алып шығады.

"Осы оқиғадан хабардар болған соң тәртіп сақшылары қылмысқа қатыстыларды анықтау мақсатында жедел түрде ұрланған заттардың өткізілуі мүмкін орындарды бақылауға алады. Бұдан соң жәбірленуші қыздың айтуынша, қылмыскерлердің суреттері жасалады. Қарақшыларды табуға Астана қалалық Ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгел тартылады. Сөйтіп жедел-іздестіру шараларының барысында 1987 жылы туған К және Б есімді азаматтар ұсталады. Олар еш жерде жұмыс істемейтін оңтүстік өңірдің тұрғындары болып шықты. Одан әріқарай жүргізілген тексеру жұмыстарының барысында әлгілердің осыған дейін жасалған тағы екі тонау әрекеттеріне қатыстылығы анықталды", - деді департамент бастығының орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, күдіктілер қазір қамауда жатыр. Оларға қыз зорлап, алдын ала ымыраласып, қарақшылық шабуыл жасады деген айып тағылып отыр. Бұл қылмыстар үшін Қылмыстық кодекс бойынша кінәлілерді 12 жылға дейінгі аралықта бас бостандықтарынан айырып, мал-мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны