01.07.2014, 20:24 1413

Астанада ҚМ Ұлттық қорғаныс университетінің жаңа ғимараты ашылады

ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жалпы ауданы 63 мың шаршы метр болатын Ұлттық қорғаныс университетінің жаңа нысанының құрылысы аяқталды.

Алматы. 1 шілде. Kazakhstan today. ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жалпы ауданы 63 мың шаршы метр болатын Ұлттық қорғаныс университетінің жаңа нысанының құрылысы аяқталды.

Жалпы, ведомствоның хабарлауынша, нысандар кешені 20 гектар жерге салынып, ондағы нысандардың ұзын саны 16-ны құрайды. Ал олардың ауданы 107185 шаршы метр. Соның ішінде тұрғын жай қорының ауданы 21020 шаршы метр.

"Бүгінге дейін ауданы 63 мың шаршы метр болатын нысандардың құрылысы аяқталды. Атап айтар болсақ, олар 5 оқу корпусы, әкімшілік корпус пен 306 пәтерлік жатақхана", - делінген хабарламада.

Искери жаңа альма-матер кешенінде топтық және лекциялық аудиториялар, компьютерлік сыныптар, лингафон кабинеттері, конференц-зал мен 200 орындық кинозал бар.

Имитациялық модельдеу орталығы оқыту шараларын, виртуалды қарсыласпен күрес жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Университеттің кітапхана қоры ғылыми, оқыту, шығармашылық және құпия кітапханадан тұрады. Ондағы кітап қоры 75 мыңға дейін жетеді.

Университеттің жаңа ғимараты Астанадағы Назарбаев университетінің жанында орналасқан. Осылайша ғылым саласы мен маман дайындауда осынау екі білім ордасы арасында байланыс құру көзделген.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті - Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығына сай, Астана қаласындағы Ұлттық қорғаныс университеті құрылысының инвестициялық жобасы 2008 жылдан бері жүргізілуде. Құрылыстың толықтай аяқталуы 2016 жылға жоспарланып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны