18.07.2014, 19:06 2767

Астанада "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасына қатысуға 5076 жас отбасы жіберілді

Кеше Астанада тұрғын үй комиссиясының отырысы барысында "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасына қатысуға 5076 жас отбасы іріктеліп алынды, - деп елордалық әкімдіктен хабарлады.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan today. Кеше Астанада тұрғын үй комиссиясының отырысы барысында "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасына қатысуға 5076 жас отбасы іріктеліп алынды, - деп елордалық әкімдіктен хабарлады.

Жалға берілетін тұрғын үйді бөлу үшін төлем қабілетін растаған өтініш берушілерді іріктеуді ЖАО мынадай балдық жүйе бойынша (балдың ең көп саны бойынша) жүргізді. Тұңғыш бала үшін - 20 балл, келесі екінші және кейінгі балалар үшін 30 балл, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы № 1309 Қаулысымен бекітілген тізімге сәйкес созылмалы аурулардың кейбір ауыр түрлерімен ауыратын немесе мүгедек болып табылатын отбасының әрбір мүшесі үшін - 10 балл, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде алдағы іріктеу кезінде салынған тұрғын үйдің тізіміне қосылмаған үміткерлер үшін - қосымша 5 балл, кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жататын ерлі-зайыптылардың әрбіреуі үшін - 10 балл.

Сонымен қатар, 343 отбасы талаптарға сай келмеуіне байланысты тізімге алынбады, делінген хабарламады.

Жалпы, комиссия шешімімен келіспейтін жас отбасылар Астана қаласының Тұрғын үй басқармасына арыздана алады.

Тұрғын үй коммисиясы бекіткен барлық қатысушылар тізімі Астана қаласы әкімдігінің astana.kz ресми сайтында және Астана қаласы Тұрғын үй басқармасының uzh.astana.kz сайтында, кейін БАҚ-да тұрғын үй комиссиясының оң қорытындысын алған азаматтар тізімі жарияланатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 2-14 маусым аралығында барлығы 5 439 отбасынан үйге өтініші қабылданды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны