10.06.2009, 14:48 1506

Астанада контрафакт өнім дайындайтын ірі жасырын цех анықталды

Астанада контрафакт өнім дайындайтын ірі жасырын цех анықталды

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астанада контрафакт өнім дайындайтын ірі жасырын цех анықталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Астанада ағымдағы жылдың 10 қаңтарында жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жалға алынған жеке үйде контрафакт өнім дайындайтын жасырын цех анықталды",- деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, тексеру барысында құны 5 млн теңгені құраған лицензиясыз өнім жазылған 20 мыңнан аса дайын дискілер, арнайы бағдарламалары бар 4 компьютер, дискілерді көшіріп жазуға арналған 6 "бокс", 3 принтер және басқа да құралдар табылды.

"Дайын контрафакт өнім сұрыптаудан кейін сауда үйлерінің біріндегі тұрмыстық техника бөліміне жинастырылған. Осы жерден оларды сатуға жіберіп отырған. Жұмыс екі ауысымда жүзеге асырылған, оған әкімші, кассир, бухгалтер, автокөлігі бар жүргізуші тартылған. Күн сайын тауар адам көп жүретін 14 "нүктеде" сатылған, кешке ревизия жүргізіліп отырған. Бөлшектеп сатушылардың күндік табысы 10-15 мың теңгені құраған",- деді М.Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны