08.04.2011, 12:02 4475

Астанада ҚР қайта сайланған президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі басталды

Астанада ҚР қайта сайланған президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 8 - сәуір. Kazakhstan Today - Астанада ҚР қайта сайланған президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Астанада 2011 жылдың 3 сәуірінде өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында қайта сайланған Президент Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі басталды.

Президент кортежі Ақордадағы резиденциядан шығып, ұлықтау рәсімі өтетін Тәуелсіздік сарайына қарай бет алды. Елбасы Тәуелсіздік сарайына кірердің алдында "Қазақ Елі" монументі алаңында төселген кілемнің үстімен салтанатты шараны ташалалауға келген халықтың алдында жүріп өтеді.

Н. Назарбаевты ұлықтау рәсіміне Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мүшелерi, Жоғарғы Сот судьялары, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері және басқа да шақырылған қонақтар қатысуда. Салтанатты іс-шараның хаттамалық шараларын Республикалық ұланның Астана қаласында орналасқан 0112 әскери бөлімінің жеке құрамы қамтамасыз етеді. Шұғыл мақсаттағы батальонның жауынгерлері де Елбасын ұлықтау рәсіміне жұмылдырылған, олар Президент алдында болатын салтанатты шеп түзеуге қатысады. Ұлықтау рәсімін "Қазақ елі" монументінің алдына жиналған Астана тұрғындары мен қала қонақтары да тамашалауда.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Орталық сайлау комиссиясының 5 сәуірде жариялаған нақты қорытындысы бойынша 2011 жылдың 3 сәуірінде өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 95,55 пайыз дауысын алып, жеңіске жетті. ОСК -ның мәліметтері бойынша Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлауға қатысқан 8 миллион 279 мың 676 сайлаушының 7 млн. 850 мың 958-і дауыс берген. Ал ОСК-ның 6 сәуірде өткен мәжіісінің барысында Н.Назарбаевты ҚР Президенті етіп тіркеу, сондай-ақ оған ҚР Президентінің жаңа куәлігі мен омырау белгісін табыс ету туралы қаулы қабылданды.

Бүгінгі 8 сәуірдегі инаугурация - Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы төртінші ұлықтау рәсімі. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті 1991 жылы алғаш рет ант берген болатын. Ол салтанатты рәсім 10 желтоқсанда Алматыдағы Республика сарайында өтті. Сонымен қатар 1999 жылы 10 қаңтарда өткен екінші жалпыхалықтық сайлауда да жеңіске жеткен Н. Назарбаев Қазақстан Республикасының Конституциясына алақанын қойып тұрып ант берді. Ал содан кейін 2005 жылы 4 желтоқсанда өткен үшінші жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесі бойынша тағы да халық сенімін арқалаған Елбасының ұлықтау салтанаты 2006 жылғы 11 қаңтарда Ақордада өткен болатын. Ол инаугурацияға әлемнің 70-тен астам мемлекетінен келген жоғары лауазымды тұлғалар қатысты.

Photo: i-r-p.ru

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны