24.12.2013, 21:18 2903

Астанада ҚР мен Пәкістанның мемлекеттік қызмет саласындағы әріптестік мәселелері талқыланды

Кеше, 23 желтоқсанда ҚР Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары С.Ахметжанов Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Шаукат Али Мукадаммен кездесті, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Алматы. 24 желтоқсан. Kazakhstan today. Кеше, 23 желтоқсанда ҚР Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары С.Ахметжанов Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Шаукат Али Мукадаммен кездесті, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

"Кездесу барысында С.Ахметжанов Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің жаңа моделін айта келіп, мемлекеттік қызмет саласындағы Астанадағы Өңірлік хаб аясындағы әріптестіктің маңызы жайлы мәлімдеді", - делінген хабарламада.

Өз кезегінде елші Пәкістанның федералды мемлекеттік қызмет құрылымы мен жүйесін таныстырып өтті.

Тараптар мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны