01.09.2016, 09:52 2227

Астанада ҚР Парламенті палаталарыныӊ бірлескен отырысы басталды

Бүгін Астанада Астанада ҚР Парламенті палаталарыныӊ бірлескен отырысы басталды. Отырыс барысында ҚР Президенті Н.Назарбаев сөз сөйлейді деп күтілуде.

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада Астанада ҚР Парламенті палаталарыныӊ бірлескен отырысы басталды. Отырыс барысында ҚР Президенті Н.Назарбаев сөз сөйлейді деп күтілуде.

"Қазақстан Республикасы Конституциясыныӊ 58-бабы 4-тармағыныӊ 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарыныӊ бірлескен отырысы 2016 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын", - делінген Өкімде.

Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.Сенат әр облыстан, республикалық маӊызы бар қаладан және Қазақстан Республикасыныӊ астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маӊызы бар қаланыӊ және республика астанасыныӊ барлық өкілді органдары депутаттарыныӊ бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамныӊ ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерініӊ білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, оныӊ он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарыныӊ жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарыныӊ өкілеттік мерзімі - алты жыл.

Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістіӊ тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, теӊ және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістіӊ тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарыныӊ кезекті сайлауы Парламенттіӊ жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігініӊ мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Мәжіліс депутаттарыныӊ өкілеттік мерзімі - бес жыл.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны