12.02.2016, 21:54 3529

Астанада ҚР Тұӊғыш Президенті қоры сыйлығыныӊ лауреаттары марапатталды

Бұл сыйлықтыӊ негізін 2008 жылы ҚР Тұӊғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы қоры қалаған. Республикалық конкурсқа төмендегі бірегей зерттеулер мен әзірлемелер, шығармашылық жобалар және бағдарламалар ұсынылады: музыкалық, театралды және бейнелеу өнері, кинематография, көркем әдебиет, журналистика, физика, математика, инженерлік, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар.

Астана. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Астанада жыл сайынғы ҚР Тұӊғыш Президенті қоры тағайындаған сыйлықтардыӊ лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл сыйлықтыӊ негізін 2008 жылы ҚР Тұӊғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы қоры қалаған. Республикалық конкурсқа төмендегі бірегей зерттеулер мен әзірлемелер, шығармашылық жобалар және бағдарламалар ұсынылады: музыкалық, театралды және бейнелеу өнері, кинематография, көркем әдебиет, журналистика, физика, математика, инженерлік, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар.

"Конкурс ашылған жылдан бері қор үшін де, интеллектуалды және шығармашыл қоғам үшін де маӊызды оқиғаға айналды. Тұӊғыш Президенті қоры сыйлығыныӊ лауреаты атағы дарынды жас ғалымдар мен шығармашылық адамдарына беріледі. Осы азаматтар Қазақстанныӊ жаӊа ғылымы мен мәдениетін қалыптастырады. Біз өз лауреаттарымызбен мақтанамыз. Олардыӊ көбісі елімізді халықаралық ареналарда танытып жүр", - дейді ҚР Тұӊғыш Президенті қорыныӊ атқарушы директоры Сағындық Нұраханов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны