28.01.2014, 20:00 9412

Астанада ҚР ҰКП жанындағы кәсіпкерлер құқын қорғау кеңесінің 3-ші отырысы өтті

Бүгін Астанада ҚР ҰКП жанындағы кәсіпкерлер құқын қорғау кеңесінің 3-ші отырысы өтті, жиында кәсіпкерлік саласындағы өзекті сұрақтар талқыланды.

Алматы. 28 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін Астанада ҚР ҰКП жанындағы кәсіпкерлер құқын қорғау кеңесінің 3-ші отырысы өтті, жиында кәсіпкерлік саласындағы өзекті сұрақтар талқыланды.

Жиын барысында "Қазақстан Қағазы" ЖШС қатысты жағдай талқыланды. Айта кетейік, өткен жылдың 1 қазанында Алматы облысының прокуратурасы "Қазақстан Қағазы" АҚ салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.

2013 жылдың желтоқсан айында Қазақстанның қаржы полициясы холдинг аймағында тергеу жұмыстарын жүргізген болатын.

"Заңгерлер заң сақтау жолында" жобасы жетекшісі Жангелді Сүлейменовтың пікірінше, бұл оқиғада қылмыстық істің қозғалуы орынсыз.

"Аталмыш шешім орынсыз. Біріншіден, 222 бап бойынша қылмыстық істің қозғалуы - бұл салықтық қылмыс, яғни салық төлеуден жалтару, салықты тексеру бойынша бұйрық өз күшіне енді. Демек, салықтық тексеріс жасалғаннан кейін барып оның қорытындысы қаржы полициясына жіберіледі", - деді Ж. Сүлейменов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны