26.07.2016, 18:01 4832

Астанада құқық бұзушылықтарға "нөлдік төзімділік" саясаты іске асырылып жатыр

Астанада шілде айында 3927 бұзушылық тіркелген.

Астана. 26 шілде. Kazakhstan Today. Жергілікті полиция қызметі қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында бұзақылық, темекі шегу және қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішіп, қоқыс тастау сияқты ұсақ құқық бұзушылықтарға "нөлдік төзімділік" саясатын белсенді іске асыруда, деп хабарлайды Астана қалалық әкімдігі.

Астанада шілде айында 3927 бұзушылық тіркелген.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 270, тыныштықты бұзғаны үшін - 607 адам жазаланды, алкогольдік ішімдік ішу мен қоғамдық орындарға мас күйде келудіӊ 1319 фактісі анықталды. Қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 945, абаттандыру ережесін бұзған 660 қала тұрғыны жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда басқа адамдардыӊ мазасын алған 126 адам ұсталды. Тәртіп бұзған 17 адам 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынды, 1797 адамға айыппұл салынып, 2113-не ескерту жасалды.

Айта кетейік, ай басталғалы тиісті аумақты, үйлердіӊ қасбетін уақытылы жинап, есіктегі жарнамаларды алып тастамағаны үшін 12 ПИК төрағасы 80 мыӊ теӊгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, шілде айында 9 мердігерлік ұйым 1 млн теӊгеге жуық, 11 құрылыс ұйымы 2 млн теӊгеден артық айыппұл төледі.

Астана қаласыныӊ ІІД Жергілікті полиция қызметі аудан әкімдіктерініӊ мамандарымен бірге сыртқы жарнаманы орналастыруды ретке келтіру, сондай-ақ, аялдамаларда, кіреберістерде және басқа да тыйым салынған жерлерге жарнамалар орналастыру фактілерін анықтау бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. Тиісті жұмыстардыӊ нәтижесінде 59 заӊды және жеке тұлға жалпы көлемде 400 мыӊ теӊгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қала тұрғындарын әкімдіктіӊ ресми сайтындағы "Халықтық бақылау" айдарына хабарласып, елордада тәртіп орнатуға белсенді атсалысуға шақырамыз, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны