18.04.2014, 19:20 3485

Астанада күн энергетикасы саласында жаңа жоба жүзеге асады

Аталмыш жобаны іске асыруды 2013 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен өткен Шетелдік Инвесторлар кеңесінің 26 толық мәжілісінде Тоталь компаниясының атқарушы кеңесінің мүшесі Ив-Луи Даррикаррер мырза ұсынған болатын.

Алматы. 18 сәуір. Kazakhstan today. Күн энергетикасы саласында ынтымақтастықты дамыту жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумға Мұнай және газ министрлігі, Тоталь франциялық мұнай-газ компаниясы және Сан Пауэр компаниясы өкілдері қол қойды, деп ведомстводан хабарлады.

Аталмыш жобаны іске асыруды 2013 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен өткен Шетелдік Инвесторлар кеңесінің 26 толық мәжілісінде Тоталь компаниясының атқарушы кеңесінің мүшесі Ив-Луи Даррикаррер мырза ұсынған болатын.

Бұл құжат Астанада күн энергетикасы саласындағы ең жаңа технологиялар базасында Ц7 бірегей қанатқақты жобасын іске асыруға жол ашпақ.

Сан Пауэр компаниясының ең жаңа Ц7 әзірлемесі базасында жасалынған жобаның техникалық көрсеткіштері бойынша әзірге теңдесі жоқ. Ал пайдалы әсер коэффициенті бойынша әлемдегі қазіргі таңдағы барлық басқа технологиялардан көш ілгері келеді.

Бұл ретте күн энергиясын әзірлеуде Қазақстанның әлеуеті айтарлық жоғары екені айтылғанды (жекелеген өңірлерде күншуақты күндер жылына 300-ден астам).

Бұдан басқа, Қазақстандағы ұзақмерзімді стратегиялық инвестор әрі әріптес болып табылатын Тоталь компаниясы жергілікті қамтуды дамытуға, бірлескен ғылыми және технологиялық зерттеулерді іске асыруға, "жасыл" энергетиканы дамытуға, жоғары білікті қазақстандық ғылыми кадрларды даярлауға және Назарбаев Университеті базасында ғылыми-зерттеу кластерін нығайтуға елеулі үлес қосып келеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны