10.07.2012, 09:34 1478

Астанада құрылыс компаниясы сот шешімімен тұтқында тұрған пәтерлерді үлескерлерге үлестіріп берді

Үкіметке үні жетпеген үлескерлер тағы да шу көтерді. Бұл жолы да баспанамыздан заңсыз айырды деп наразылық білдірген бір топ астаналық тұрғын.

Астана. 10-шілде. Kazakhstan Today - Астанада құрылыс компаниясы сот шешімімен тұтқында тұрған пәтерлерді үлескерлерге үлестіріп берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үкіметке үні жетпеген үлескерлер тағы да шу көтерді. Бұл жолы да баспанамыздан заңсыз айырды деп наразылық білдірген бір топ астаналық тұрғын.

Бұл тұрғын үй дауы біраздан бері жалғасып келе жатыр. Бұл азаматтар Есілдің сол жағасындағы элиталық тұрғын үйдің құрылысына қомақты қаржы салған. Бірақ сан соғып қалды. Себебі үйді тұрғызған құрылыс компаниясы үлескерлерге сот шешімімен тұтқында тұрған пәтерлерді сатқан көрінеді. Ал оны сатып алған тұрғындардың келісімшарты заңсыз деп танылып соңында баспанасынан айырылған. Сөйтіп пәтер де, ақша да жоқ. Далада қалған үлескерлер талай мәрте соттасқанымен, еш нәтиже болмапты. Құзырлы органдар да бұлардан теріс айналған. Енді басқа амалы қалмаған наразы топ аштық жарияламақ. Осыдан соң ғана мәселелеріне көз жұма қарап отырған шенеуніктер селт етер деген үміттері бар.

"Біз енді Үкіметтен үй сұрап отырғанымыз жоқ қой. Өзіміздің ақшамызды салдық. Енді ол үйден ажырап отырмыз. Дұрыс шешім қабылдап халықтың жағдайына қарау керек қой",- деп мәлім етіт үлескерлердің бірі Исия Шоқарбаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны