22.09.2009, 15:51 3103

Астанада лаңкестік жөніндегі айыппен Өзбекстан азаматы ұсталды

Астанада лаңкестік жөніндегі айыппен Өзбекстан азаматы ұсталды

Астана. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада Өзбекстанның құқық қорғау органдары лаңкестік әрекеттерге қатысты деген күдікпен іздестіріп жатқан Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана қалалық ІІД-нің криминалдық полициясының қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарының барысында жеке басын растайтын құжаттары жоқ 23 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады, ол өзін Сайдулло Ахметовпын деп таныстырған. Тексеру барысында өзбек азаматының бұл аты-жөнді ойдан шығарып айтқаны анықталды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, шын мәнінде ұсталған азаматтың 23 жастағы С. Акбаров екені белгілі болды, оны Өзбекстанның құқық қорғау органдары лаңкестік әрекеттерге қатысты деген күдікпен іздестіріп жатқан", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір лаңкестік қызметке қатысы бар күдікті қамауға алынды, оны Минск конвенциясына сәйкес экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны