10.08.2023, 20:01 29186

Астанада LRT-ны іске қосу 2025 жылға шегерілді

"LRT жүйесін іске қосуды жеделдету мақсатында жоба екі кешенге бөлінген
LRT жүйесін іске қосу мерзімі кейінге шегерілді. Бұл туралы CTS (City Transportation Systems) ЖШС-нің басқарма төрағасы Ғани Тәжиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

LRT жүйесін іске қосуды жеделдету мақсатында жоба екі кешенге бөлінген.


Бірінші кешен 2025 жылға қарай пайдалануға мүмкіндік береді. Оның құны 1 млрд 152 млн доллар немесе 61% болатын алғашқы іске қосу кешенінде 8 станцияны толық аяқтау көзделген.

Екінші іске қосу кешенінің құны 735 млн долларды құрайды, яғни 10 станция пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ қосымша 14 станция салынады. Аяқталу мерзімі уақтылы қаржыландырылса - 2026 жылдың соңына дейін", - деді Ғани Тәжиев қалалық мәслихаттың отырысында.

Еске салсақ, елорда әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жобасын 2 жылдың ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз деген еді.

LRT-нің бірінші іске қосу кешенінің құрылыс жұмыстары қайта жанданды. Жобаны 2 жылдың ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар биыл ұзындығы 55 шақырым 72 көшеге құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргіземіз және Тәуелсіздік көпірі құрылысын аяқтаймыз", - деген еді елорда әкімі.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны